وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَتَطَيَّبُ بِذِكَارَةِ الطِّيبِ: الْمِسْكِ وَالْعَنْبَرِ، وَيَقُولُ: أَطْيَبُ الطِّيبِ الْمِسْكُ». «ذِكَارَةُ الطِّيبِ»: مَا لَا لَوْنَ لَهُ.
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) миск пен әнбар секілді түссіз хош иістерді қолданатын. “Хош иістің ең жақсысы – миск”, – дейтін», – деген1.
Түсіндірме
Миск – табиғи хош иістің бір түрі. Ол еркек құдырдың бауыр тұсындағы безінен алынады. Алла Елшісі (с.а.с.) оны хош иістің ең жақсысы деп атаған.
- 1Нәсәи, «Зинат», 31 (8/151–152). Мисктің ең жақсы хош иіс екені Әбу Сағидтен де жеткен. Тирмизи, «Жаназа», № 991–992. Әбу Дәуіт, «Жаназа», № 3158.