وَعَنْ عَرْفَجَةَ بْنِ أَسْعَدَ قَالَ: «أُصِيبَ أَنْفِي يَوْمَ الْكُلَابِ فِي الْجَاهِلِيَّةِ، فَاتَّخَذْتُ أَنْفًا مِنْ وَرِقٍ فَأَنْتَنَ عَلَيَّ، فَأَمَرَنِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنْ أَتَّخِذَ أَنْفًا مِنْ ذَهَبٍ».
Арфажа ибн Асғад (р.а.) былай дейді: «Жаһилия дәуіріндегі Кулаб шайқасында мұрным жараланды. Күмістен мұрын жасатып едім, ол жағымсыз иіс шығара бастады. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) алтыннан мұрын жасатуды бұйырды»1.
Түсіндірме
«الْكُلَابُ»: بِضَمِّ الْكَافِ وَتَخْفِيفِ اللَّامِ: اسْمُ مَاءٍ كَانَ بِهِ يَوْمٌ مَعْرُوفٌ مِنْ أَيَّامِ الْعَرَبِ.
1. «Кулаб» – су атауы. Жаһилия дәуірінде сол жерде екі шайқас болып, олар «Бірінші Кулаб» және «Екінші Кулаб» деп аталған. Ғалымдар бұл судың Жәбәлә мен Шам тауының оң жағында жатқанын және екі оқиғаның да Әксәм ибн Сайфи заманында болғанын жазады.
2. Ғалымдар осы риуаятқа сүйеніп, қажеттілік туса, алтыннан мұрын жасатуға және тістерді алтын сыммен бекітуге рұқсат еткен. Хаттаби хадистен ер адамның қажет жағдайда алтынды аз мөлшерде қолдана алатынын аңғарған. Тісті алтын сыммен бекіту – соның бір мысалы. Ол өзге металдарды да осы тәртіппен қолдануды түсіндіреді.
- 1Әбу Дәуіт, «Хатам», 7 (№ 4232–4234). Тирмизи, «Либас», 31 (№ 1770). Нәсәи, «Зинәт», 41 (8/163–164).