Хадис

Кутуб ситтә, № 2089

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
298. № 2086–2092 хадистер
Нөмірі
№ 2089 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
2089
Кутуб ситтә, № 2089 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ بَشِيرِ بْنِ يَسَارٍ: «زَعَمَ أَنَّ رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ يُقَالُ لَهُ سَهْلُ بْنُ أَبِي حَثْمَةَ أَخْبَرَهُ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَدَاهُ مِائَةً مِنْ إِبِلِ الصَّدَقَةِ»، يَعْنِي دِيَةَ الْأَنْصَارِيِّ الَّذِي قُتِلَ بِخَيْبَرَ.

Қазақша аудармасы

Бәшир ибн Ясар ансарлық Сәһл ибн Әбу Хасмадан мына хабарды жеткізеді: «Пайғамбар (с.а.с.) Хайбарда өлтірілген ансардың құнын зекет түйелерінен жүз түйе беріп өтеді»1.

Түсіндірме

1. «Тәйсир» авторы Әбу Дәуіттегі ұзақ риуаятты қысқартып келтірген. Сәһл Ибн Әбу Хасманың айтуынша, қауымынан бірнеше адам Хайбарға барып, шаруаларына қарай жан-жаққа тараған. Кейін бір серігін өлтірілген күйде тапқан. Мәйіттің маңындағылардан «Серігімізді сендер өлтірдіңдер ме?» деп сұрағанда, олар өлтірмегенін және кім өлтіргенін білмейтінін айтқан. Олар мән-жайды Алла Елшісіне (с.а.с.) жеткізгенде, ол айғақ сұраған. Айғақ болмаған соң, сол жердің халқы ант етсін деген. Олар яһудилердің антын қабылдамайтынын айтқан. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) қанды өтеусіз қалдырмау үшін зекет түйелерінен жүз түйе беріп, құнын өтеген.

2. Мемлекет төлеуге тиіс өтемді зекет мүлкінен берсе, тиісті кісі бай болса да оны ала алады. Бұл риуаятта қылмыскер анықталмаған соң, қаза тапқан адамның құны зекет түйелерінен өтелген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Дият», 8–9 (№ 4521, 4523). Бұхари, «Дият», 22.