Хадис

Кутуб ситтә, № 2002

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
281. № 2002–2009 хадистер
Нөмірі
№ 2002 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2002
Кутуб ситтә, № 2002 · тараудағы реті: 1

عَنْ شُفَيٍّ الْأَصْبَحِيِّ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَوَّلُ مَنْ يُدْعَى بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ رَجُلٌ جَمَعَ الْقُرْآنَ، وَرَجُلٌ قُتِلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَرَجُلٌ كَثِيرُ الْمَالِ. فَيَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى لِلْقَارِئِ: أَلَمْ أُعَلِّمْكَ مَا أَنْزَلْتُ عَلَى رَسُولِي؟ فَيَقُولُ: بَلَى يَا رَبِّ. قَالَ: فَمَا عَمِلْتَ فِيمَا عَلِمْتَ؟ فَيَقُولُ: كُنْتُ أَقُومُ بِهِ آنَاءَ اللَّيْلِ وَآنَاءَ النَّهَارِ. فَيَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى لهُ: كَذَبْتَ. وَتَقُولُ لهُ الْمَلَائِكَةُ: كَذَبْتَ. وَيَقُولُ لهُ اللَّهُ تَعَالَى: بَلْ أَرَدْتَ أَنْ يُقَالَ فُلَانٌ قَارِئٌ، وَقَدْ قِيلَ ذَلِكَ. وَيُؤْتَى بِصَاحِبِ الْمَالِ، فَيَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: أَلَمْ أُوَسِّعْ عَلَيْكَ حَتَّى لَمْ أَدَعْكَ تَحْتَاجُ إِلَى أَحَدٍ؟ فَيَقُولُ: بَلَى يَا رَبِّ. فَيَقُولُ: فَمَاذَا عَمِلْتَ فِيمَا آتَيْتُكَ؟ فَيَقُولُ: كُنْتُ أَصِلُ الرَّحِمَ وَأَتَصَدَّقُ. فَيَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى لَهُ: كَذَبْتَ؛ وَتَقُولُ لَهُ الْمَلَائِكَةُ: كَذَبْتَ؛ وَيَقُولُ لَهُ اللَّهُ تَعَالَى: بَلْ أَرَدْتَ أَنْ يُقَالَ فُلَانٌ جَوَادٌ، وَقَدْ قِيلَ ذَلِكَ. ثُمَّ يُؤْتِي بِالَّذِي قُتِلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ. فَيَقُولُ لَهُ اللَّهُ تَعَالَى: فِيمَاذَا قُتِلْتَ؟ فَيَقُولُ: أُمِرْتُ بِالْجِهَادِ فِي سَبِيلِكَ فقَاتَلْتُ حَتَّى قُتِلْتُ. فَيَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى لَهُ: كَذَبْتَ. وَتَقُولُ لَهُ الْمَلَائِكَةُ: كَذَبْتَ. وَيَقُولُ لَهُ اللَّهُ تَعَالَى: بَلْ أَرَدْتَ أَنْ يُقَالَ فُلَانٌ جَرِيءٌ، وَقَدْ قِيلَ ذَلِكَ. ثُمَّ ضَرَبَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلَى رُكْبَةِ أَبِي هُرَيْرَةَ. فقَالَ: يَا أَبَا هُرَيْرَةَ أُولَئِكَ الثَّلَاثَةُ أَوَّلُ خَلْقِ اللَّهِ تُسَعَّرُ بِهِمُ النَّارُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، قَالَ شُفَيٌّ: فَأَخْبَرْتُ مُعَاوِيَةَ بِهَذَا الْحَدِيثِ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ. فَقَالَ: قَدْ فُعِلَ بِهَؤُلَاءِ هَذَا، فَكَيْفَ بِمَنْ بَقِيَ مِنَ النَّاسِ؟ ثُمَّ بَكَى مُعَاوِيَةُ بُكَاءً شَدِيدًا حَتَّى ظَنَّ أَنَّهُ هَالِكٌ. ثُمَّ أَفَاقَ وَمَسَحَ عَنْ وَجْهِهِ وقَالَ: صَدَقَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ؛ مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا نُوَفِّ إِلَيْهِمْ أَعْمَالَهُمْ فِيهَا وَهُمْ فِيهَا لاَ يُبْخَسُونَ. أُولَئِكَ الَّذِينَ لَيْسَ لَهُمْ فِي الْآخِرَةِ إِلَّا النَّارُ وَحَبِطَ مَا صَنَعُوا فِيهَا وَبَاطِلٌ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ وَاللَّفْظُ لَهُ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Шуфай әл-Асбахи Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Қиямет күні алғаш шақырылатындар – Құранды жаттаған кісі, Алла жолында қаза тапқан кісі және дәулетті кісі. Алла тағала Құран оқыған адамнан:

– Елшіме түсіргенімді саған үйретпедім бе? – деп сұрайды. Ол:

– Иә, уа, Раббым! – дейді.

– Үйренгеніңе қалай амал еттің? – деп сұрайды Алла тағала. Ол:

– Оны түнде де, күндіз де оқитынмын, – дейді. Алла тағала:

– Өтірік айтасың! – дейді. Періштелер де:

– Өтірік айтасың! – дейді. Сонда Алла тағала:

– Сен ‘пәленше – қари’ дегізу үшін оқыдың. Солай айтылды да, – дейді.

Содан соң дәулетті кісі әкелінеді. Алла тағала одан:

– Саған мол дүние беріп, ешкімге мұқтаж етпедім бе? – деп сұрайды. Ол:

– Иә, уа, Раббым! – дейді.

– Саған берген дүниеммен не істедің? – деп сұрайды. Ол:

– Ағайын-туыспен байланысымды үзбей, садақа беріп жүрдім, – дейді.

– Өтірік айтасың! – дейді Алла тағала. Періштелер де: ‘Өтірік айтасың!’ – дейді. Сонда Алла тағала: ‘Сен жұрт пәленшені жомарт десін деп солай істедің. Солай айтылды да’, – дейді.

Содан соң Алла жолында қаза тапқан кісі әкелінеді. Алла тағала:

– Не үшін өлтірілдің? – деп сұрайды. Ол:

– Сенің жолыңда күресуге бұйырылдым. Қаза тапқанша шайқастым, – дейді. Алла тағала:

– Өтірік айтасың! – дейді. Періштелер де оған: ‘Өтірік айтасың!’ – дейді. Алла тағала:

– Сен жұрт ‘пәленше батыр екен’ десін деп шайқастың. Солай айтылды да, – дейді”. Содан кейін Алла елшісі (с.а.с.) Әбу Һурайраның тізесін қағып:

– Уа, Әбу Һурайра! Қиямет күні тозақ оты алғаш тұтандырылатын үш адам – осылар! – деді».

Шуфай былай дейді: «Әбу Һурайрадан естіген осы хадисті Муғауияға айттым. Ол: “Осыларға осылай жасалса, қалған жұртқа не болмақ?” – деді. Содан соң сонша қатты жылады, жан тапсыра ма деп ойладым. Біраздан кейін есін жиып, жүзіндегі жасын сүртті де: “Алла да, Елшісі де рас айтты”, – деп мына аяттарды оқыды: ﴿مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا نُوَفِّ إِلَيْهِمْ أَعْمَالَهُمْ فِيهَا وَهُمْ فِيهَا لَا يُبْخَسُونَ ۝ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ لَيْسَ لَهُمْ فِي الْآخِرَةِ إِلَّا النَّارُ وَحَبِطَ مَا صَنَعُوا فِيهَا وَبَاطِلٌ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ﴾ “Кімде-кім осы дүние мен оның сән-салтанатын ғана қаласа, оларға дүниедегі істерінің қарымын толық қайтарамыз. Бұл дүниеде олардың еншілері кемітілмейді. Алайда ақыретте оларға тозақ отынан басқа еш нәрсе бұйырмайды. Олардың жалған дүниеде істеген бүкіл істері, тіпті жақсылықтарына дейін дүниеде қалып, ақырет тұрғысынан зая кетті, істеген барлық істері түкке тұрғысыз болып қалды.”»1.

  1. 1Тирмизи, «Зүһд», 48 (№ 2382, Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 2383). Мүслим, «Имара», 152 (№ 1905) және Нәсәи, «Жиһад», 22 (6/23–24), негізгі оқиғаның мағыналас нұсқалары.