Хадис

Кутуб ситтә, № 1943

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
269. Зікір бөлімі
Нөмірі
№ 1943 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
1943
Кутуб ситтә, № 1943 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ أَبِي مُسْلِمٍ الْأَغَرِّ قَالَ: «أَشْهَدُ عَلَى أَبِي هُرَيْرَةَ وَأَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُمَا شَهِدَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَّهُ قَالَ: لَا يَقْعُدُ قَوْمٌ يَذْكُرُونَ اللَّهَ تَعَالَى إِلَّا حَفَّتْهُمُ الْمَلَائِكَةُ وَغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ وَنَزَلَتْ عَلَيْهِمُ السَّكِينَةُ وَذَكَرَهُمُ اللَّهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мүслим әл-Ағарр (Алла оған рақым етсін) былай дейді: «Әбу Һурайра мен Әбу Сағидтің (р.а.) мына сөзіне куәмін. Екеуі Алла елшісінің (с.а.с.): “Бір қауым отырып, Алланы еске алса, оларды періштелер қоршайды, рақымға бөленеді, үстілеріне сәкина түседі және Алла оларды Өз құзырындағылардың арасында еске алады”, – дегеніне куәлік берді».1

Түсіндірме

1. Хадистерде «сәкина» сөзі түрлі жағдайда әр мағынада қолданылады. «Ән-Ниһаяда» айтылғандай, оны кейбіреулер іс пен мінездегі байсалдылық, тыныштық және мейірім деп түсіндірсе, енді біреулер адам жүзді, жел мен ауадай нәзік жаратылыс, шайқаста мұсылмандарға серік болып, көрінгенде дұшпанның жеңілуіне себеп болатын мысық тәрізді мақұлық, қатты соғатын жел не періште деген. Бұл хадисте сәкина жан тыныштығы, мейірім, байсалдылық және сенім мағынасында түсіндірілген.

2. Хадис Алланы еске алу үшін бірнеше кісінің бас қосуы ізгі іс екенін көрсетеді. Ондай жиынның орнына шек қойылмаған. Мешітте, медреседе, үйде, далада немесе дүкенде де өткізуге болады. Мешіт жабық не алыс болса, мұсылмандар үй, дүкен, бақша не дала сияқты қолайлы орынды пайдалана алады. Келесі хадиске қарағанда, қазіргі жағдайда үй қолайлы орындардың бірі. Отбасы мүшелері күн сайын белгілі бір уақытта үйде зікір ете алады. Жақын туыстар, көршілер не әріптестер де апта сайын, ай сайын немесе он бес күнде бір рет күні мен сағатын белгілеп, зікір мәжілісін өткізе алады.

Зікір мәжілісі тәсбих айтумен және Құран оқумен шектелмейді. Діни ілім талқыланатын отырыс та, ешкімді ғайбаттамай, арасында салауат, бисмилләһ сияқты зікір сөздері айтылатын ашық ауадағы сұхбат та зікір мәжілісіне жатады.

Осылайша мүмін босқа кететін уақытын реттеп, пайдалы іске жұмсай алады. Хадис Алла еске алынатын мәжілістерге қатысуға шақырады. Әйелдер де өзараларында осындай мәжіліс ұйымдастыра алады.

  1. 1Мүслим, Зикр 39, (2700); Тирмизи, Дағауат 7, (3375).