Хадис

Кутуб ситтә, № 1871

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
255. Белгілі бір себепке не уақытқа байланбаған дұғалар
Нөмірі
№ 1871 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
1871
Кутуб ситтә, № 1871 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ أَكْثَرُ دُعَاءِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ اللَّهُمَّ آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً، وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً، وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) ең жиі айтатын дұғасы: “Аллаһуммә әтинә фид-дуния хәсәнәтән, уә фил-ахирати хәсәнәтән, уә қина азабән-нәр”, яғни “Уа, Алла! Бізге дүниеде де, ақыретте де жақсылық бер әрі тозақ азабынан сақта!”1 деген дұға еді»2.

  1. 1«Бақара» сүресі, 201-аят.
  2. 2Бұхари, «Дағауат», № 6389. Мүслим, «Зікір», № 2690. Әбу Дәуіт, № 1519.