عَنْ عُمَرَ وأبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ رَأَى صَاحِبَ بَلَاءٍ فَقَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي عَافَانِي مِمَّا ابْتَلَاكَ بِهِ وَفَضَّلَنِي عَلَى كَثِيرٍ مِمَّنْ خَلَقَ تَفْضِيلًا عُوفِيَ مِنْ ذَلِكَ الْبَلَاءِ كَائِنًا مَا كَانَ مَا عَاشَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ مِنْ رِوَايَتِهِمَا، وَهَذَا لَفْظُ رِوَايَةِ عُمَرَ. وَفِي رِوَايَةٍ أَبِي هُرَيْرَةَ لَمْ يُصِبْهُ ذَلِكَ الْبَلَاءُ، دُونَ بَاقِي الْحَدِيثِ.
Омар мен Әбу Һурайрадан (Алла оларға разы болсын) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзі жеткен: «Кім сынаққа ұшыраған адамды көріп: “Саған түскен сынақтан мені аман сақтаған, мені көптеген жаратылыстарынан артық еткен Аллаға мадақ”, – десе, сол сынақ қандай болса да, өмір бойы одан аман болады»1.
Әбу Һурайраның (р.а.) риуаятында бұл сөз «…сол сынақ оның басына түспейді» деп аяқталады.
Түсіндірме
1. «Сынаққа ұшыраған» деп аударылған сөз – «мубтәлә». Онымен түбірлес «ибтилә» «сынау» деген мағына береді. Адам жақсылықпен де, жамандықпен де сыналады. Құранда ﴿وَنَبْلُوكُمْ بِالشَّرِّ وَالْخَيْرِ فِتْنَةً﴾ «Біз сендерді жамандықпен де, жақсылықпен де сынаймыз» делінген («Әнбия» сүресі, 35-аят).
2. Риуаяттағы сынақ дүниелік те, рухани да болуы мүмкін. Дүниелік сынаққа алапес, тым аласа не тым ұзын бой, соқырлық, мүгедектік, бүкірлік тәрізді күйлер жатады. Рухани сынаққа пасықтық, зұлымдық, бидғат, күпірлік секілді істер жатады. Ең ауыры – дінге қатысты сынақ. Дүниелік сынақты сабырмен өткерген адам сауапқа кенеле алады. Рухани сынақта сауапқа жету оңайға соқпайды. Раббымыз рухани сынақтан сақтай гөр.
3. Денсаулық та – өз алдына сынақ. Қиындық түскенде төзімнен айырылып, ауыр сынаққа ұрыну қаупі бар. Сондықтан басына түскен ауыртпалықтан екінің бірі сүрінбей өте алмайды.
Алла елшісі (с.а.с.) الْمُؤْمِنُ الْقَوِيُّ خَيْرٌ وَأَفْضَلُ وَأَحَبُّ إِلَى اللَّهِ مِنَ الْمُؤْمِنِ الضَّعِيفِ. – «Қуатты мүмін әлсіз мүміннен қайырлы, абзал әрі Аллаға сүйіктірек»2, – деген. Басына түскен қиындыққа шыдап, сабыр сақтай алған адам осы сынақтан ұтады. Хадисте қуат жалпы мағынада айтылғандықтан, ол дене күші мен материалдық мүмкіндікті де, қиындыққа төтеп беретін рухани беріктікті де қамтиды.