Хадис

Арафа күні мен Қадір түнінде оқылатын дұғалар

Кутуб ситтә, 5-том, 250-тарау · 2 хадис · № 1863–1864

Хадистер

1863
Кутуб ситтә, № 1863 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

عَنْ عَمْرٍو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَفْضَلُ الدُّعَاءِ دُعَاءُ يَوْمِ عَرَفَةَ، وَأَفْضَلُ مَا قُلْتُ أَنَا وَالنَّبِيُّونَ مِنْ قَبْلِي لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ، وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ». وَالتِّرْمِذِيُّ عَنْ عَمْرٍو بِتَمَامِهِ. أَخْرَجَهُ مَالِكٌ عَنْ طَلْحَةَ بْنِ عُبَيْدِ اللّهِ بْنِ كُرَيْزٍ إِلَى قَوْلِهِ لَا شَرِيكَ لَهُ. وَالتِّرْمِذِيُّ عَنْ عَمْرٍو بِتَمَامِهِ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Шуғайб әкесінен, әкесі өз атасынан (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Дұғаның ең абзалы – Арафа күні айтылған дұға. Менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың айтқан ең абзал сөзі – “Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуа ала кулли шәйин қадир”, яғни “Жалғыз әрі серігі жоқ Алладан басқа тәңір жоқ. Билік Оған тиесілі, мадақ Оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді”»1.

  1. 1Мәлик, «Мууатта», «Құран», 32 (1/214–215). Тирмизи, «Дағауат», № 3585 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 3579).
1864
Кутуб ситтә, № 1864 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ: إِنْ وَافَقْتُ لَيْلَةَ الْقَدْرِ مَا أَدْعُو بِهِ؟ قَالَ: قُولِي اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «“Уа, Алла елшісі! Қадір түніне кезіксем, қалай дұға етейін?” – деп сұрадым. Ол: “Аллаһумма иннәкә афуун, тухиббул-афуа, фағфу анни”, яғни “Уа, Алла! Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені кешір”, – деуімді айтты1».

  1. 1Тирмизи, «Дағауат», № 3513 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 3508).