Хадис

Кутуб ситтә, № 1853

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
245. Киінгенде және ас ішкенде оқылатын дұғалар
Нөмірі
№ 1853 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
1853
Кутуб ситтә, № 1853 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَكَلَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عِنْدَ سَعْدٍ بْنِ عُبَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ خُبْزًا وَزَيْتًا، ثُمَّ قَالَ: أَفْطَرَ عِنْدَكُمُ الصَّائِمُونَ، وَأَكَلَ طَعَامَكُمُ الْأَبْرَارُ، وَصَلَّتْ عَلَيْكُمُ الْمَلَائِكَةُ» أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَلَهُ فِي أُخْرَى عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «صَنَعَ أَبُو الْهَيْثَمِ طَعَامًا، فَدَعَا رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَصْحَابَهُ، فَلَمَّا فَرَغُوا قَالَ: أَثِيبُوا أَخَاكُمْ قَالُوا: وَمَا إِثَابَتُهُ؟ قَالَ: إنَّ الرَّجُلَ إِذَا دُخِلَ بَيْتُهُ، وَأُكِلَ طَعَامُهُ، وَشُرِبَ شَرَابُهُ، فَدَعَوْا لهُ فذَلِكَ إِثَابَتُهُ». «الْإِثَابَةُ» الْجَزَاءُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Сағд ибн Убаданың үйінде нан мен зәйтүн майын жеді. Содан соң: “Үйлеріңде ораза ұстағандар ауыз ашсын, дастархандарыңнан ізгі жандар дәм татсын, періштелер сендерге дұға етсін”, – деді»1.

Әбу Дәуіт Жәбирден (р.а.) мына риуаятты да жеткізеді: «Әбул-Һәйсәм ас әзірлеп, Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабаларын қонаққа шақырды. Тамақ ішіп болған соң Алла елшісі: “Бауырларыңның жақсылығын қайтарыңдар”, – деді. Сахабалар: “Оны қалай қайтарамыз?” – деп сұрады. Ол: “Адамның үйіне кіріп, асын жеп, сусынын ішсеңдер, оған дұға етіңдер. Оның жақсылығын осылай қайтарасыңдар”, – деді».

Түсіндірме

1. Өзге риуаяттарда осы дұғаның Сағд ибн Муаздың үйінде айтылғаны баяндалады. Соған қарағанда, оқиға екі рет қайталанған.

2. Хадис қонақтың ас ішкеннен кейін үй иесіне дұға етуі мұстахаб екенін аңғартады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әтғима 55, (3854).