وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَطَعَ النَّبِيُّ ﷺ سَارِقًا فِي مِجَنٍّ قِيمَتُهُ ثَلَاثَةُ دَرَاهِمَ». أَخْرَجَهُمَا السِّتَّةُ.
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) үш дирхам тұратын қалқанды ұрлаған адамның қолын кесті»1.
Түсіндірме
Хадистегі «кесті» деген сөзді жинақ авторы «кестірді» немесе «кесуге үкім берді» деп түсіндіреді. Алла елшісі (с.а.с.) мұндай хадд үкімін өзі орындамаған.
- 1Бұхари, «Худуд» (6796–6798), Мүслим, «Худуд» (1686), Мәлік, «Муатта», «Худуд», 24 (2/832), Тирмизи, «Худуд» (1446), Әбу Дәуіт, «Худуд» (4385), Нәсәи, «Сариқ», 9 (8/77–82).