Хадис

Кутуб ситтә, № 168

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
21. Ата-анаға жақсылық жасау
Нөмірі
№ 168 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 16
168
Кутуб ситтә, № 168 · тараудағы реті: 16Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: «إِنَّ مِنْ أَبَرِّ الْبِرِّ أَنْ يَصِلَ الرَّجُلُ أَهْلَ وُدِّ أَبِيهِ بَعْدَ أَنْ يُوَلِّيَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.): “Перзенттің жасайтын ең ізгі істерінің бірі – әкесі дүниеден өткен соң да оның достарымен араласып, сыйласу”, – дегенін естідім»1.

Түсіндірме

Ғалымдар осы және осыған ұқсас риуаяттарға сүйеніп, әкесі тірі кезде оның достарының халін сұрап, сый-құрмет көрсетуді мұстахап санаған. Бұл ізгі қарым-қатынасты әкесі дүниеден өткеннен кейін де жалғастыру құпталады.

  1. 1Мүслим, «Бирр», 11–13 (№ 2552). Тирмизи, «Бирр», 5 (№ 1903, Жананда № 1904). Әбу Дәуіт, «Әдеп», 129 (№ 5143).