وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ أَتَى بَهِيمَةً فَاقْتُلُوهُ وَاقْتُلُوهَا مَعَهُ». فَقِيلَ لِابْنِ عَبَّاسٍ: مَا شَأْنُ الْبَهِيمَةِ؟ قَالَ: أَرَاهُ لِئَلَّا يُؤْكَلَ لَحْمُهَا أَوْ يُنْتَفَعَ بِهَا، وَقَدْ فُعِلَ بِهَا ذَلِكَ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَلَهُمَا أَيْضًا عَنْهُ، قَالَ: «لَيْسَ عَلَى الَّذِي يَأْتِي الْبَهِيمَةَ حَدٌّ».
Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінен (с.а.с.) жануармен жыныстық қатынас жасаған адамға және жануарға өлім үкімі айтылған риуаятты жеткізеді. Одан: «Жануардың не кінәсі бар?» – деп сұрағанда, ол: «Бұл жөнінде Алла елшісінен ештеңе естімедім. Меніңше, осындай іс жасалған жануардың етін жемеу немесе оны пайдаланбау көзделген болуы мүмкін», – деді1.
Әбу Дәуіт пен Тирмизи Ибн Аббастың (р.а.): «Жануармен жыныстық қатынас жасаған адамға хадд белгіленбейді», – деген сөзін де келтірген.
Түсіндірме
Хадисшілердің айтуынша, төрт мәзһаб имамы бұл іске өлім жазасы белгіленбейді, тағзир жазасы ғана қолданылады деген ортақ пікірде болған. Алғашқы риуаят бұл іске қатаң тыйым мағынасында түсіндірілген. Ғалымдар Ибн Аббастың (р.а.) мына сөзін негізге алған:
مَنْ أَتَى بَهِيمَةً فَلَا حَدَّ عَلَيْهِ
«Жануармен жыныстық қатынас жасаған адамға хадд жазасы жоқ».
Ата да өзінен осы мәселе сұралғанда, мұндай іске хадд жоқ екенін айтып, істі айыптаған.
- 1Әбу Дәуіт, «Худуд», 30 (4464–4465); Тирмизи, «Худуд», 23 (1454–1455). Әбу Дәуіт алғашқы риуаятты қуатты деп санамаған. Екінші хабар – Ибн Аббастың сөзі.