وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ الْيَهُودَ جَاءُوا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَذَكَرُوا لَهُ أَنَّ امْرَأَةً مِنْهُمْ وَرَجُلًا زَنَيَا، فَقَالَ لَهُمْ ﷺ: مَا تَجِدُونَ فِي التَّوْرَاةِ فِي شَأْنِ الرَّجْمِ؟ فَقَالُوا: نَفْضَحُهُمْ وَيُجْلَدُونَ، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ سَلَامٍ: كَذَبْتُمْ، إِنَّ فِيهَا الرَّجْمَ فَأَتَوْا بِالتَّوْرَاةِ فَنَشَرُوهَا فَوَضَعَ أَحَدُهُمْ يَدَهُ عَلَى آيَةِ الرَّجْمِ، ثُمَّ جَعَلَ يَقْرَأُ مَا قَبْلَهَا وَمَا بَعْدَهَا، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ سَلَامٍ: ارْفَعْ يَدَكَ فَرَفَعَ يَدَهُ فَإِذَا فِيهَا آيَةُ الرَّجْمِ، فَقَالُوا: صَدَقَ يَا مُحَمَّدُ فِيهَا آيَةُ الرَّجْمِ فَأَمَرَ بِهِمَا فَرُجِمَا. قَالَ ابْنُ عُمَرَ: فَرَأَيْتُ الرَّجُلَ يَحْنِي عَلَى الْمَرْأَةِ يَقِيهَا الْحِجَارَةَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ.
Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Яһудилер Алла елшісіне (с.а.с.) келіп, араларындағы бір ер мен бір әйелдің зина жасағанын айтты. Алла елшісі: “Ражм жайлы Тәуратта не делінген?” – деп сұрады. Олар: “Жұрт алдында масқаралап, дүре соғамыз”, – деді. Абдулла ибн Сәләм (р.а.): “Өтірік айтып тұрсыңдар. Тәуратта ражм үкімі бар”, – деді. Олар Тәуратты әкеліп ашты. Олардың бірі (жинақта Абдулла ибн Сурия деп аталған) ражм туралы аятты қолымен жауып, алдындағысы мен кейінгісін оқыды. Абдулла ибн Сәләм: “Қолыңды ал”, – деді. Ол қолын алғанда, астынан ражм аяты көрінді. Сонда олар: “Уа, Мұхаммед! Абдулла рас айтты, Тәуратта ражм аяты бар”, – деді. Алла елшісінің әмірімен екеуіне де ражм үкімі қолданылды».
Ибн Омар (р.а.): «Ер кісінің әйелді тастардан қорғау үшін оның үстіне еңкейгенін көрдім», – деді1.
Түсіндірме
1. Хадистегі «масқара етеміз» сөзі алдыңғы риуаятта аталған жазаны білдіреді. Айыпталғандардың бетіне күйе жағып, бір есекке арқаларын бір-біріне қаратып мінгізіп, жұртты аралату арқылы істі жария еткен.
2. Автор хадисті оқиғаға қатысқан кісілердің Тәуратта жазылмаған жазаны сол кітапта бардай көрсетіп, өз уәжін Тәуратқа сүйеніп айтқанының мысалы деп түсіндіреді.
3. Бұл риуаяттан мұхсан болу үшін мұсылман болу шарт емес деген тұжырым жасағандар бар. Имам Шафиғи мен Ахмад ибн Ханбал осы пікірді ұстанған. Мәликилер мен ханафилердің көбі мұхсан болу үшін мұсылман болуды шарт санап, бұл оқиғада Алла елшісі (с.а.с.) Тәураттың үкіміне сүйенгенін айтқан. Дегенмен Тәуратта мұхсан еместерге ражм белгіленген деген тұжырымды автор теріске шығарады. Табараниде Әбу Һурайрадан жеткен риуаятта ражм туралы Тәурат мәтіні былай беріледі: «الْمُحْصَنُ وَالْمُحْصَنَةُ إِذَا زَنَيَا فَقَامَتْ عَلَيْهِمَا الْبَيِّنَةُ رُجِمَا». «Мұхсан ер мен мұхсан әйел зина жасап, бұл дәлелмен расталса, екеуіне де ражм үкімі қолданылады. Әйел жүкті болса, босанғанша мұрсат беріледі».
4. Риуаяттан әһл-зимма өкілдерінің бір-біріне қатысты куәлігін қабылдауға болады деген үкім шығарылған.
5. Қазы бір сенімді аудармашының аудармасына сүйене алады.
- 1Бұхари, «Худуд», 24, 37 (6819, 6841), «Жанаиз», 61, «Мәнәқиб», 26, «Тәпсір», «Әли Имран», 6, «Иғтисам», 16, «Тәухид», 51; Мүслим, «Худуд», 26 (1699); «Муатта», «Худуд», 1 (2/819); Тирмизи, «Худуд», 10; Әбу Дәуіт, «Худуд», 26 (4446, 4449).