وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِرَجُلٍ زَنَى فَجُلِدَ الْحَدَّ، ثُمَّ أُخْبِرَ أَنَّهُ مُحْصَنٌ، فَأَمَرَ بِهِ فَرُجِمَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Қазақша аудармасы
Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) зина жасаған бір адамға хадд жазасы ретінде дүре соғуға үкім етті. Кейін оның мұхсан екені хабарланды. Сонда ражм жазасына үкім шығарылып, ол орындалды»1.
Түсіндірме
Азимабадидің түсіндіруінше, бұл хадис басшы хадд жазасын белгілеген соң үкімде жаңылғанын білсе, шариғатқа сай дұрыс үкімді орындату қажеттігін білдіреді.
- 1Әбу Дәуіт, «Худуд», 24 (4438–4439).