وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ وَقَعَ عَلَى ذَاتِ مَحْرَمٍ، أَوْ قَالَ: مَنْ نَكَحَ مَحْرَمًا، فَاقْتُلُوهُ». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) некелесуге тыйым салынған жақынымен қатынас жасаған адамға өлім жазасын қолдану туралы сөзін жеткізген. Риуаятшы сөздің «некелесуге тыйым салынған жақынымен үйленсе» деп те айтылған болуы мүмкін екенін ескерткен.1
- 1Рәзин келтірген нұсқа. Мағыналас мәтін Ибн Мәжада да бар, «Худуд», № 2564. Ол риуаят әлсіз деп бағаланған.