وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا نُلَبِّي عَنِ النِّسَاءِ وَالصِّبْيَانِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَقَالَ: حَدِيثٌ غَرِيبٌ.
Жәбир (р.а.) былай деген: «Біз әйелдер мен балалардың атынан тәлбия айтатынбыз»1.
وَقَدْ أَجْمَعَ أَهْلُ الْعِلْمِ عَلَى أَنَّ الْمَرْأَةَ لَا يُلَبِّي عَنْهَا غَيْرُهَا.
Тирмизи мұны ғариб хадис деп бағалап, ғалымдар әйелдің атынан басқа біреу тәлбия айтпайтынына бірауыздан келіскенін атап өткен.
Түсіндірме
1. Тирмизидегі риуаятта: كُنَّا إِذَا حَجَجْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فَكُنَّا نُلَبِّي عَنِ النِّسَاءِ وَنَرْمِي عَنِ الصِّبْيَانِ «Пайғамбармен (с.а.с.) бірге қажылық жасағанда әйелдердің атынан тәлбия айтып, балалардың атынан тас лақтыратынбыз», – делінген.
2. Тирмизидің айтуынша, ғалымдар әйелдің атынан басқа біреу тәлбия айтуына болмайтыны жөнінде бірауызды пікірде болған. Әйел тәлбияны өзі айтады. Тәлбия кезінде дауысын көтеруі – мәкруһ.
- 1Тирмизи, «Хаж», 84 (927). Ибн Мәжа, «Мәнәсик», 68 (3038). Тирмизидегі толық мәтін түсіндірмеде берілді.