وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قِيلَ لَهُ: «أَيَرْفَعُ الرَّجُلُ يَدَيْهِ إِذَا رَأَى الْبَيْتَ؟» قَالَ: «حَجَجْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، أَفَكُنَّا نَفْعَلُهُ؟» أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ، وَهَذَا لَفْظُ التِّرْمِذِيِّ.
Қазақша аудармасы
Жәбирден (р.а.): «Адам Бәйтулланы көргенде қолын көтере ме?» – деп сұралды. Ол: «Пайғамбармен (с.а.с.) бірге қажылық жасадық. Сонда біз солай істеп пе едік?» – деп жауап берді1.
Бұл – Тирмизидегі мәтін. Әбу Дәуіт пен Нәсәидегі нұсқалар төмендегі риуаятта берілген.
- 1Тирмизи, «Хаж» (855). Жанан жинағында 955 деп қате нөмірленген. Онда فَكُنَّا نَفْعَلُهُ («Біз солай істейтінбіз») деп берілсе, Тирмизидің мәтінінде أَفَكُنَّا نَفْعَلُهُ («Сонда біз солай істеп пе едік?») деген сұраулық нұсқа келген.