وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ سُئِلَ عَمَّا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ، فَقَالَ: «بَدَنَةٌ أَوْ بَقَرَةٌ أَوْ سَبْعُ شِيَاهٍ، وَإِنْ أُهْدِيَ شَاةً أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ أَصُومَ أَوْ أُشْرِكَ فِي جَزُورٍ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ إِلَىٰ قَوْلِهِ: «بَقَرَةٌ». وَأَخْرَجَ الْبَاقِيَ رَزِينٌ.
Ибн Омардан (р.а.) فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ, яғни «Шамаларың келетін құрбандықты шалыңдар» деген аяттағы құрбандық туралы сұралды. Ол: «Бір түйе, бір сиыр немесе жеті қой. Ораза ұстағаннан не бір түйеге ортақтасқаннан гөрі бір қой шалғанды артық көремін», – деді1.
Түсіндірме
Зурқанидың түсіндіруінше, Ибн Омар аятта кедергіге тап болған адамға бұйырылған құрбандықты түйе немесе сиыр деп айтқанда, абзалын меңзеген. Яғни түйе не сиыр шалу – мұстахаб. Бұл Әли мен Ибн Аббастың «бір қой» деген түсіндірмесіне қайшы келмейді. Оған келесі риуаяттағы Ибн Омардың өз сөзі дәлел: «Бір қой ғана тапсам, оны құрбандыққа шалу ораза ұстағаннан абзал». Һәдидің ең абзалы түйе екені мәлім. Ендеше, аяттағы «шамаларың келетін құрбандық» деген сөз тек түйе шалуды қалай міндеттемек?
- 1Мәлік, «Муатта», «Хаж», 160. «Муаттада» «сиыр» сөзіне дейінгі бөлігі келтірілген. Қалғанын Разин жеткізген.