Хадис

Кутуб ситтә, № 1514

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
188. Құрбандық түйеге міну
Нөмірі
№ 1514 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
1514
Кутуб ситтә, № 1514 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّهُ سُئِلَ عَنْ رُكُوبِ الْهَدْيِ فَقَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ارْكَبْهَا بِالْمَعْرُوفِ إِذَا أُلْجِئْتَ إِلَيْهَا حَتَّى تَجِدَ ظَهْرًا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) һәдиге міну жөнінде сұралды. Ол: «Алла елшісінің (с.а.с.): “Мінуге мәжбүр болсаң, басқа көлік тапқанша малға ауыртпалық салмай мін”, – дегенін естідім», – деп жауап берді1.

Қағбаға құрбандық жіберген адам ихрамға кіре ме?

  1. 1Мүслим, «Хаж», 375 (1324). Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 18 (1761). Нәсәи, «Хаж», 76 (5/177).