وَعَنْ يَزِيدَ ذِي مِصْرَ قَالَ: «أَتَيْتُ عُتْبَةَ بْنَ عَبْدٍ السُّلَمِيَّ فَقُلْتُ: يَا أَبَا الْوَلِيدِ، إِنِّي خَرَجْتُ أَلْتَمِسُ الضَّحَايَا فَلَمْ أَجِدْ شَيْئًا يُعْجِبُنِي غَيْرَ ثَرْمَاءَ فَكَرِهْتُهَا فَمَا تَقُولُ؟ قَالَ: أَفَلَا جِئْتَنِي بِهَا؟ قُلْتُ: سُبْحَانَ اللَّهِ! تَجُوزُ عَنْكَ وَلَا تَجُوزُ عَنِّي؟ قَالَ: نَعَمْ أَنْتَ تَشُكُّ وَأَنَا لَا أَشُكُّ. إِنَّمَا نَهَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: عَنِ الْمُصْفَرَّةِ وَالْمُسْتَأْصِلَةِ وَالْبَخْقَاءِ وَالْمُشَيَّعَةِ وَالْكَسْرَاءِ». فَالْمُصْفَرَّةُ الَّتِي تُسْتَأْصَلُ أُذُنُهَا حَتَّى يَبْدُوَ سِمَاخُهَا، وَالْمُسْتَأْصَلَةُ الَّتِي تُسْتَأْصَلُ قَرْنُهَا مِنْ أَصْلِهِ، وَالْبَخْقَاءُ الَّتِي تُبْخَقُ عَيْنُهَا، وَالْمُشَيَّعَةُ الَّتِي لَا تَتْبَعُ الْغَنَمَ عَجْفًا وَضَعْفًا، وَالْكَسْرَاءُ الْكَسِيرَةُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Язид Зи-Мыср былай деді: «Утба ибн Абд әс-Сүләмиге барып:
– Уа, Әбу әл-Уәлид, құрбандыққа мал іздеп шықтым. Азу тістері түскен бір малдан басқа көңілімнен шыққанын таппадым. Оны да алғым келмеді. Не дейсіз? – дедім. Ол:
– Сол малды маған неге әкелмедің? – деді. Мен:
– Субханалла! Ол сізге жарап, маған жарамай ма? – дедім.
– Иә. Сен күмәнданып тұрсың, ал мен күмәнданбаймын. Алла елшісі (с.а.с.) құлағы түбінен кесіліп, құлақ өзегі көрінген, мүйізі түбінен сынған, бір көзі ойылған, тым арық әрі әлсіздіктен отарға ілесе алмайтын және аяғы сынған малды құрбандыққа шалуға тыйым салған, – деді»1.
- 1Әбу Дәуіт, «Құрбандықтар», № 2803.