Хадис

Кутуб ситтә, № 1490

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
182. Құрбандыққа шалынбайтын жануарлар
Нөмірі
№ 1490 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1490
Кутуб ситтә, № 1490 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنْ نَسْتَشْرِفَ الْعَيْنَ وَالأُذُنَ، وَأَنْ لَا نُضَحِّي بِمُقَابَلَةٍ، وَ مُدَابَرَةٍ، وَ شَرْقَاءَ، وَ خَرْقَاءَ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деді: «Алла елшісі (с.а.с.) құрбандық малының көзі мен құлағын мұқият тексеруді, құлағы алдынан не артынан жартылай кесілген, ортасынан айырылған немесе дөңгелек тесілген малды шалмауды бұйырды»1.

المُقَابَلَةُ» الَّتِي قُطِعَ مِنْ مُقَدَّمِ أُذُنِهَا قِطْعَةٌ وَتُرِكَتْ مُعَلِّقَةً فِيهَا كَانَهَا زَنَمَةٌ».وَالمُدَابَرَةُ» الَّتِي فُعِلَ بِهَا ذَلِكَ مِنْ مُؤَخِرِ أُذُنِهَا. وَاسْمُ الْجِلْدَةِ فِيهِمَا الْإِقْبَالَةُ وَالإِدْبَارَةُ».وَالشَّرْقَاءُ» الَّتِي شُقَّتْ أُذُنِهَا فَهِيَ شَاةٌ شَرْقَاءُ».وَالْخَرْقَاءُ» مِنَ الْغَنَمِ: الَّتِي فِي أُذُنِهَا خَرْقٌ، وَهُوَ ثَقْبٌ مُسْتَدِيرٌ.

Түсіндірме

1. Хадисте малдың құрбандыққа жарауына кедергі болатын бірнеше кемістік аталады.

Муқабала – құлағының алдыңғы жағынан бір бөлігі кесіліп, салбырап қалған мал.

Мудабара – құлағының артқы жағынан бір бөлігі кесіліп, салбырап қалған мал.

Шарқа – құлағы ортасынан айырылған мал.

Харқа – құлағына дөңгелек тесік салынған мал.

2. Алла елшісі (с.а.с.) осылай ен салынған малды құрбандыққа шалмауды бұйырып, елеулі кемістігі бар малды таңдаудан сақтандырған.

3. Хадистің кей нұсқасында бір не екі көзі көрмейтін малды құрбандыққа шалмау да айтылған.

  1. 1Тирмизи, Адахи, 6, (1498); Әбу Дәуіт, Дахая, 6, (2804, 2805, 2806), Нәсәи, Адахи, 10, (7, 217); 11, 12, ибн Мәжа, Адахи 8, (3142).