Хадис

Кутуб ситтә, № 1458

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
176. Шашты тықырлап алу және қысқарту
Нөмірі
№ 1458 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
1458
Кутуб ситтә, № 1458 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اللَّهُمَّ ارْحَمِ الْمُحَلِّقِينَ. قَالُوا: وَالْمُقَصِّرِينَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: اللَّهُمَّ ارْحَمِ الْمُحَلِّقِينَ. قَالُوا: وَالْمُقَصِّرِينَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: وَالْمُقَصِّرِينَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла, шашын тықырлап алдырғандарға рақым ет!” – деп дұға еткенде, қасындағылар:

– Уа, Алла елшісі, шашын қысқартқандарға да! – деді. Алла елшісі (с.а.с.):

– Уа, Алла, шашын тықырлап алдырғандарға рақым ет! – деп дұғасын қайталады. Қасындағылар тағы да:

– Уа, Алла елшісі, шашын қысқартқандарға да! – деді. Бұл жолы ол:

– Қысқартқандарға да! – деді»1.

  1. 1Бұхари, Хажж 127; Мүслим, Хажж, 316, (1301); Муатта, Хажж, 184, (1, 395); Тирмизи, Хажж, 74, (913); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 79, (1979).