Хадис

Кутуб ситтә, № 134

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
17. Алла елшісі (с.а.с.) өзгерткен есімдер
Нөмірі
№ 134 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 9
134
Кутуб ситтә, № 134 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

وَعَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِالْمُنْذِرِ بْنِ أَبِي أُسَيْدٍ حِينَ وُلِدَ، فَوَضَعَهُ عَلَى فَخِذِهِ، وَقَالَ: مَا اسْمُهُ؟ قَالَ: فُلَانٌ. قَالَ: لَا، وَلَكِنِ اسْمُهُ الْمُنْذِرُ. فَسَمَّاهُ يَوْمَئِذٍ الْمُنْذِرَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) былай дейді: «Әбу Усәйдтің ұлы Мұнзир дүниеге келгенде, оны Алла елшісіне (с.а.с.) алып келді. Ол сәбиді тізесіне жатқызып:

– Аты кім? – деп сұрады.

– Пәленше, – деді әкесі. Сонда Алла елшісі (с.а.с.):

– Жоқ, аты Мұнзир болсын, – деді. Сол күні сәбиге Мұнзир деп ат қойды»1.

  1. 1Бұхари, «Әдеп», 108 (№6191). Мүслим, «Әдеп», 29 (№2149).