وَعَنْ أَمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «شَكَوْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنِّي أَشْتَكِي فَقَالَ: طُوفِي مِنْ وَرَاءِ النَّاسِ وَأَنْتِ رَاكِبَةٌ. فَطُفْتُ وَالنَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُصَلِّي إِلَى جَنْبِ الْبَيْتِ يَقْرَأُ بِـ﴿وَالطُّورِ وَكِتَابٍ مَسْطُورٍ﴾». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.
Қазақша аудармасы
Үммі Сәләма (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) сырқат екенімді айттым. Ол: “Онда жұрттың арт жағынан көлікке мініп тауап жаса”, – деді. Алла елшісі Бәйтулланың жанында намаз оқып тұрғанда, мен тауап еттім. Ол намазда ﴿وَالطُّورِ وَكِتَابٍ مَسْطُورٍ﴾ “Тур тауына серт! Жазылған Кітапқа серт!” деп басталатын “Тур” сүресін оқып тұрды»1.
- 1Бұхари, Қажылық, 64, 71, 74, Салат, 78. Мүслим, Қажылық, 258 (№ 1276). Мууатта, Қажылық, 40 (1/371). Әбу Дәуіт, Мәнәсик, 49 (№ 1882). Нәсәи, Қажылық, 138 (5/223). Ибн Мәжа, Мәнәсик, 34 (№ 2961). «Тур» сүресі, 1–2-аяттар.