Хадис

Кутуб ситтә, № 1370

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
161. Тауап пен сағидың үкімі
Нөмірі
№ 1370 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
1370
Кутуб ситтә, № 1370 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «طَافَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلَى بَعِيرِهِ يَسْتَلِمُ الرُّكْنَ كَرَاهِيَةَ أَنْ يَصْرِفَ عَنْهُ النَّاسَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) өзіне жол ашу үшін жұртты шетке ығыстырғанын қаламағандықтан, түйеге мініп тауап жасады әрі бұрышқа истиләм жасады»1.

Түсіндірме

Нәуәуи бұл тіркестің екі нұсқасы барын көрсетеді. أَنْ يُصْرَفَ عَنْهُ – «жұртты оның жанынан шеттету», أَنْ يُضْرَبَ عَنْهُ – «оған жол ашу үшін жұртты ұру» деген мағынада. Екеуі де Алла елшісінің (с.а.с.) адамдарға қиындық туғызбау үшін тауапты мініп жасағанын білдіреді.

  1. 1Мүслим, Қажылық 256, (1274); Нәсәи, Қажылық 140, (5/224).