وَعَنْ عِمْرَانِ بْنِ الْحُصَيْنِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَرَأَ: «وَتَرَى النَّاسَ سُكَارَى وَمَا هُمْ بِسُكَارَى». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Қазақша аудармасы
Имран ибн әл-Хусейн (р.а.) Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Хаж» сүресінің 2-аятындағы үзіндіні وَتَرَى النَّاسَ سُكَارَى وَمَا هُمْ بِسُكَارَى деп оқығанын1 жеткізген.
Түсіндірме
Имран жеткізген нұсқа – көпшілік қарилардың қырағаты. Ибн Мәсғудтан وَتَرَى النَّاسَ سُكْرَى وَمَا هُمْ بِسُكْرَى деген нұсқа да жеткен. Хамза мен әл-Кисаи осы нұсқамен оқыған. Фәрра мұны араб тіліндегі هَلْكَى және جَرْحَى сөздері тәрізді көптік түрге жатқызады.
- 1Тирмизи, «Қырағат» (№2941, Ибраһим Жанан келтірген басылымда №2942).