وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ لِبَنِي إِسْرَائِيلَ: «ادْخُلُوا الْبَابَ سُجَّدًا وَقُولُوا حِطَّةٌ تُغْفَرْ لَكُمْ خَطَايَاكُمْ». يَعْنِي بِالتَّاءِ الْمُثَنَّاةِ فَوْقَ.
Әбу Сағидтың (р.а.) айтуынша, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Алланың Исраил ұлдарына: «Қақпадан сәжде еткен күйде кіріңдер. “Күнәмізді кешіре гөр!” деңдер, сонда күнәларың кешіріледі»1, – дегенін жеткізген. Риуаятта кешіруді білдіретін сөз تُغْفَرْ деп, үстінде екі ноқаты бар «тә» әрпімен оқылған.2
Түсіндірме
Бұл риуаятта сөз تُغْفَرْ деп, Ибн Амирдің қырағатына сай оқылған. Нафиғ يُغْفَرْ, ал Ибн Кәсир, Әбу Амр, Асым, Хамза және әл-Кисаи نَغْفِرْ деп оқыған. Соңғы нұсқа «кешіреміз», алғашқы екеуі «кешіріледі» деген мағына береді.