Хадис

Кутуб ситтә, № 909

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
144. № 907–919 хадистер
Нөмірі
№ 909 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
909
Кутуб ситтә, № 909 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Үммі Һани

وَعَنْ أُمِّ هَانِئٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كُنْتُ أَسْمَعُ قِرَاءَةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا عَلَى عَرْشِي». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Үммі Һани (р.а.): «Үйімнің төбесінде отырғанда Алла елшісінің (с.а.с.) Құран оқығанын еститін едім», – дейді.1

Түсіндірме

Риуаяттағы «арш» немесе «ариш» араб тілінде «патшалар отыратын тақ, күрсі, көлеңкелеу үшін жасалған шатыр» деген мағыналарды білдіреді. Мәдинадағы үйлердің бәріне ариш делінген, өйткені салқындау үшін үстіне шығатын еді.

Бұл риуаят Алла елшісінің (с.а.с.) Құранды естілерліктей дауыспен оқығанын көрсетеді.

  1. 1Нәсәи, Ифтитах 81, (2, 179); Ибн Мәжа, Иқамат 179, (1349).