وَفِي أُخْرَى لِلثَّلَاثَةِ وَالنَّسَائِيِّ عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا مَرْفُوعًا: «إِنَّمَا مَثَلُ صَاحِبِ الْقُرْآنِ كَمَثَلِ صَاحِبِ الْإِبِلِ الْمُعَقَّلَةِ، إِنْ عَاهَدَ عَلَيْهَا أَمْسَكَهَا، وَإِنْ أَطْلَقَهَا ذَهَبَتْ».
Қазақша аудармасы
Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құранды жатқа білген адам тұсаулы түйесі бар кісіге ұқсайды. Ол түйесіне ұдайы қарап жүрсе, түйесін қолында ұстайды. Бос қоя берсе, түйесі кетіп қалады», – деген.1
- 1Бұхари, Фәдәил әл-Құран 23; Мүслим, Салатул-мусафирин 226, (789); Муатта, Құран, 4, (1, 202); Нәсәи, Салат 37, (2, 154).