Хадис

Кутуб ситтә, № 890

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
141. «Ықылас» сүресі
Нөмірі
№ 890 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
890
Кутуб ситтә, № 890 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: مَنْ قَرَأَ قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ كُلَّ يَوْمٍ مِائَتَىْ مَرَّةٍ مُحِىَ عَنْهُ ذُنُوبُ خَمْسِينَ سَنَةً إِلَّا أَنْ يَكُونَ عَلَيْهِ دَيْنٌ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізді: «Кімде-кім “Ықылас” сүресін күн сайын екі жүз рет оқыса, мойнында қарызы болмаса, елу жылдық күнәсі өшіріледі».1

Түсіндірме

Хадисті түсіндірушілер кісі ақысының бөлек айтылуынан екі мағына шығарған:

1. Кісі ақысы өтелмейінше, кешірілмейді. Хадистердегі осындай сөздер кісі ақысының мән-маңызын түсіндіріп, одан сақтандыруды меңзейді.

2. Біреудің кісі ақысы секілді кешірілмейтін күнәсі бар бола тұра, «Ықылас» сүресін хадисте айтылғандай оқыса, басқа күнәлары кешірілуі мүмкін. Алайда бұл сүренің оқылуы да кісі ақысы секілді күнәні өшіре алмайды.

  1. 1Тирмизи, «Фадаил әл-Құран», 11 (№2898, Ибраһим Жанан басылымында №2900).