Хадис

«Қадір» сүресі

Кутуб ситтә, 3-том, 135-тарау · 9 хадис · № 868–876

Хадистер

868
Кутуб ситтә, № 868 · тараудағы реті: 1

عَنْ مَالِكٍ أَنَّهُ بَلَغَهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُرِيَ أَعْمَارَ النَّاسِ قَبْلَهُ، أَوْ مَا شَاءَ اللَّهُ مِنْ ذَلِكَ، فَكَأَنَّهُ تَقَاصَرَ أَعْمَارَ أُمَّتِهِ أَلَّا يَبْلُغُوا مِنَ الْعَمَلِ مِثْلَ مَا بَلَغَ غَيْرُهُمْ فِي طُولِ الْعُمُرِ، فَأَعْطَاهُ اللَّهُ تَعَالَى لَيْلَةَ الْقَدْرِ، خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ شَهْرٍ».

Қазақша аудармасы

Имам Мәлик «Муаттада» өзіне жеткен мына риуаятты келтіреді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) өзіне дейінгі адамдардың ғұмыры немесе Алла қалаған бөлігі көрсетілді. Ол үмбетінің ғұмыры қысқалығынан бұрынғылардың ұзақ өмірде істеген амалына жете алмай қалар деп ойлады. Сонда Алла оған мың айдан да қайырлы Қадір түнін сыйлады».1

Түсіндірме

Үмбетіне шексіз мейірімімен қарайтын Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінен бұрынғы пайғамбарлардың үмбетімен салыстырғанда өз үмбетінің аз өмір сүретініне қарап, ақыреттік істерінің аз болатынын ойлаған. Өйткені үмбетінің орташа өмірі, Зәрқанидің көрсеткіші бойынша, 60–70 жас. Риуаяттарда берілмегенмен, алдыңғы үмбеттердің өмір жасының ұзақ болғанын осы хадистен аңғаруға болады. Алла Тағала өзінің сүйікті Елшісін осы мәселеде қуанту үшін, оның үмбетіне Қадір түнін тарту еткен. Осы түннің қадірін біліп, оны құлшылықпен өткізген адам 1000 ай, яғни орташа есеппен 83 жыл құлшылық жасағандай сауап алатын болады.

Ибн Абдулбәрр бұл хадистің Муаттадан басқа кітаптарда кездеспегенін айтады.

بَلَغَ مَالِكًا أَنَّ سَعِيدَ بْنَ الْمُسَيَّبِ كَانَ يَقُولُ: «مَنْ شَهِدَ الْعِشَاءَ مِنْ لَيْلَةِ الْقَدْرِ فَقَدْ أَخَذَ بِحَظِّهِ مِنْهَا».

Имам Мәликке Сағид ибн әл-Мусайябтың мына сөзі жеткен: «Қадір түнінде құптан намазына қатысқан кісі сол түннен өз несібесін алған».

  1. 1Мәлик, «Муатта», «Иғтикаф», 15 (1-т., 321-б.). Ибраһим Жанан мәтінінде үмбетінің өмірі көрсетілгені айтылса, «Муатта» нұсқасында өзінен бұрынғы адамдардың өмірі немесе Алла қалаған бөлігі көрсетілгені баяндалған.
869
Кутуб ситтә, № 869 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا أَسْمَعُ عَنْ لَيْلَةِ الْقَدْرِ، فَقَالَ: هِىَ فِي كُلِّ رَمَضَانَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Расулалладан (с.а.с.) Қадір түні жайлы сұрағанын өз құлағыммен естідім. Ол: “Қадір түні әр Рамазанда болады”, – деп жауап берді».1

Түсіндірме

Мың айдан да қайырлы болған Қадір түнінің рамазан айының қай күніне сәйкес келетінін білуді әркім-ақ қалайды. Бұл жайлы Расулалладан сұралғанда, әртүрлі жауаптар берген. Рамазан айының ішінде, тақ күндерінің түнінде, әсіресе, соңғы он күнінде екендігіне қатысты риуаяттар бар. Алайда қай күнінде екендігіне қатысты риуаяттардың көптігі соншалық – Ибн Хажардың айтуынша, қырықтан астам пікір айтылған. Сол көзқарастардың біреуі бойынша, Қадір түні Рамазанда емес, бір жылдың ішіндегі кез келген бір түнде. Алайда жоғарыдағы риуаят бойынша, Қадір түні Рамазан айының кез келген бір түнінде болуы мүмкін. Тіпті Алиул-Қари осы хадиске сүйеніп: «Егер кімде-кім Рамазан айының ортасында немесе одан бұрынырақ әйеліне: «Сен Қадір түнінде талақсың» дейтін болса, келесі жылдың Рамазан айы келгенге дейін әйелі талақ болмайды. Мұндай жағдайда талақ келесі жылғы Рамазан айында сол сөз айтылған күнде орындалады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат, 324, (1387).
870
Кутуб ситтә, № 870 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رِجَالًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أُرُوا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي الْمَنَامِ فِي السَّبْعِ الْأَوَاخِرِ. فَقَالَ ﷺ: أَرَى رُؤْيَاكُمْ قَدْ تَوَاطَأَتْ فِي السَّبْعِ الْأَوَاخِرِ: مَنْ كَانَ مُتَحَرِّيَهَا فَلْيَتَحَرَّهَا فِي السَّبْعِ الْأَوَاخِرِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ وَمَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Бірнеше сахаба түсінде Қадір түнінің Рамазанның соңғы жеті түнінің бірінде екенін көрді. Олар түстерін айтқанда, Алла елшісі: “Түстеріңнің бәрі соңғы жеті түнге сәйкес келіп тұр. Қадір түнін іздеген кісі оны соңғы жеті түннен іздесін”, – деді».1

  1. 1Бұхари, Тәһәжжуд 21, Ләйләтул-қадр 2; Мүслим, Сиям 205, (1165); Муатта, Итикаф 14, (1, 321)
871
Кутуб ситтә, № 871 · тараудағы реті: 4

وَفِي أُخْرَى لِلْبُخَارِىِّ: عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: تَحَرَّوْا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ».

Қазақша аудармасы

Бұхаридің әзірет Айшадан жеткен бір риуаятында Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінен іздеңдер».1

  1. 1Бұхари, Ләйләтул-қадр 3; Тирмизи, Саум 72, (792).
872
Кутуб ситтә, № 872 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أُرِيتُ لَيْلَةَ الْقَدْرِ وَرَأَيْتُنِى أَسْجُدُ فِي صَبِيحَتِهَا فِي مَاءٍ وَطِينٍ. فَهَاجَتِ السَّمَاءُ وَكَانَ الْمَسْجِدُ مِنْ عَرِيشٍ فَلَقَدْ رَأَيْتُهُ وَعَلَى أَنْفِهِ وَأَرْنَبَتِهِ أَثَرُ الْمَاءِ وَالطِّينِ، وَذَلِكَ صَبِيحَةَ إِحْدَى وَعِشْرِينَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Маған Қадір түні көрсетілді, кейін оны ұмыттым. Сол түннің таңында су мен балшыққа сәжде еткенімді көрдім”, – деді. Жаңбыр жауды. Мешіттің төбесі құрма бұтақтарымен жабылған еді. Рамазанның жиырма бірінші таңы атқанда Расулалланың маңдайы мен мұрнынан су мен балшықтың ізін көрдім».1

  1. 1Бұхари, Ләйләтул-қадр 1, 13; Мүслим, Сиям 215, (1165); Әбу Дәуіт, Салат 320, (1382.1383) «Рамазан 3»; ибн Мәжа Саум, 56, (1766); Муатта, Итикаф 9 (1, 319).
873
Кутуб ситтә, № 873 · тараудағы реті: 6

وَعَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَبِيدٍ الصُّنَابِحِيِّ عَمَّنْ أَخْبَرَهُ عَنْ بِلَالٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ: إِنَّهَا أَوَّلُ السَّبْعِ مِنَ الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ: يَعْنِى لَيْلَةَ ثَلَاثٍ وَعِشْرِينَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِىُّ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Убәйд әс-Сунабихи өзіне осы хабарды жеткізген кісі арқылы Біләл Хабашиден (р.а.) риуаят етеді: «Біләл Алла елшісінің (с.а.с.) Қадір түні жайында: “Ол – соңғы он түннің ішіндегі соңғы жеті түннің біріншісі, яғни жиырма үшінші түн”, – дегенін естіген».1

  1. 1Ибраһим Жанан, «Кутуб-и ситте», 4-т., №873. Жинақ авторы бұл нұсқаны Бұхариден таба алмағанын атап өткен.
874
Кутуб ситтә, № 874 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «الْتَمِسُوهَا فِي أَرْبَعٍ وَعِشْرِينَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Қадір түнін (Рамазан айының) жиырма төртінен іздеңдер», – деді.1

Түсіндірме

Бұл риуаятта Қадір түнін Рамазанның жиырма төртінші түнінен іздеу айтылған. Басқа риуаяттар оны тақ түндерден іздеуге үндейді. Хадис түсіндірушілері ай отыз күнге толғанда соңынан кері санау бойынша жиырма төртінші түн жетінші түнге сәйкес келетінін айтқан.

  1. 1Бұхари, Ләйләтул-қадр 3.
875
Кутуб ситтә, № 875 · тараудағы реті: 8

وَعَنْ زِرٍّ بْنِ حُبَيْشٍ قَالَ: «قُلْتُ لِأُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ: إِنَّ ابْنَ مَسْعُودٍ يَقُولُ: مَنْ قَامَ سَنَتَهُ أَصَابَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ. قَالَ: وَالَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ إِنَّهَا لَفِي رَمَضَانَ، وَإِنَّهَا اللَّيْلَةُ الَّتِى أَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِقِيَامِهَا، هِىَ لَيْلَةُ سَبْعٍ وَعِشْرِينَ. وَأَمَارَتُهَا أَنْ تَطْلُعَ الشَّمْسُ فِي صَبِيحَتِهَا بَيْضَاءَ لَا شُعَاعَ لَهَا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Зирр ибн Хубәйш былай дейді: «Убәй ибн Кәғбтан “Ибн Мәсғуд жыл бойы түнде намазға тұрған адам Қадір түніне тап болады депті. Бұған не дейсіз?” – деп сұрадым. Ол: “Өзінен басқа құдай жоқ Аллаға ант етемін, Қадір түні Рамазанда. Ол – Расулалла (с.а.с.) бізге құлшылыққа тұруды бұйырған жиырма жетінші түн. Белгісі – сол түннің таңында күннің ақшыл болып, сәуле шашпай шығуы”, – деп жауап берді».1

  1. 1Мүслим, Мусафирин 179. (762).
876
Кутуб ситтә, № 876 · тараудағы реті: 9

وَعَنْ يُوسُفَ بْنِ سَعْدٍ قَالَ: «قَامَ رَجُلٌ إِلَى الْحَسَنِ بْنِ عَلِىٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا بَعْدَ مَا بَايَعَ مُعَاوِيَةَ، فَقَالَ سَوَّدْتَ وُجُوهَ الْمُؤْمِنِينَ، أَوْ يَا مُسَوِّدَ وَجُوهِ الْمُؤْمِنِينَ فَقَالَ: لَا تُؤَنِّبْنِى رَحِمَكَ اللَّهُ، فَإِنَّ النَّبِىَّ ﷺ رَأَى بَنِى أُمَيَّةَ عَلَى مِنْبَرِهِ فَسَاءَهُ ذَلِكَ. فَنَزَلَتْ: إِنَّا أَعْطَيْنَاكَ الْكَوْثَرَ، وَنَزَلَ إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ شَهْرٍ. يَمْلِكُهَا بَعْدَكَ بَنُو أُمَيَّةَ. قَالَ الْقَاسِمُ بْنُ الْفَضْلِ رَحِمَهُ اللَّهُ: فَعَدَدْنَا فَإِذَا هِىَ أَلْفُ شَهْرٍ لَا تَزِيدُ وَلَا تَنْقُصُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Юсуф ибн Сағд былай дейді: «Хасан ибн Али (р.а.) Муғауияға серт бергеннен кейін, бір адам оған келіп: “Мүминдердің жүзін қарайттың!” – деді. Немесе: “Уа, мүминдердің жүзін қарайтқан адам!” – деді. Сонда Хасан: “Алла сені рақымына бөлесін, мені жазғырма. Алла елшісі (с.а.с.) Умәйя ұлдарын өз мінберінде көріп, бұған қынжылды. Сонда мына аяттар түсті:

﴿إِنَّا أَعْطَيْنَاكَ الْكَوْثَرَ﴾ ‘Шынында, Біз саған Кәусәрді нәсіп еттік’.1

﴿إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ﴾ ‘Шүбәсіз, Біз оны Қадір түні түсірдік’. ﴿وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ﴾ ‘Қадір түнінің не екенін білесің бе, қайдан білесің?’ ﴿لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ شَهْرٍ﴾ ‘Қадір түні мың айдан да қайырлы’2. Ол – сенен кейін Умәйя ұлдары билік жүргізетін мың ай”».

Қасим ибн әл-Фадл былай дейді: «Умәйя ұлдарының билік жүргізген мерзімін ай-ай санап көріп едік, тура мың ай шықты, кем де емес, артық та емес».3

Түсіндірме

Осы хадистен «Қадір» сүресін басқа қырынан түсіндіретін риуаятты көріп отырмыз. Осы риуаят бойынша, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түс көріп, содан көңіл-күйі бұзылған кезде, аталмыш сүре түскен. Түсінде Умәйядтар халифатты өз билігіне алып, халифа болатын адамдардың «өзінің мінберіне отырғанын» бір-бірлеп көріп, көңіл-күйі түседі. Осыған байланысты Расулалланы жұбату үшін екі сүре түседі: «Кәусар» мен «Қадір». «Кәусар» сүресі арқылы Алла Елшісіне көптеген нығметтер берілгені сүйіншіленген. «Қадір» сүресінде илаһи нығметтердің бірі ретінде өзіне Қадір түнінің берілгені, тек осы түннің өзі оның көңіл-күйінің бұзылуына себеп болған мың айлық Умәйядтар билігінен де қайырлы екендігі білдірілген. Демек, бұл сүре – болашаққа қатысты ғайыптан хабар беретін мұғжиза болып табылады. Болашақтан хабар берген Құран кәрімнің басқа мұғжизалары да бар. «Рум» сүресіне қатысты риуаятта соның біреуі берілген (№734 хадис). Риуаятта айтылған Қасим ибн Фадлдың сөзіне қатысты Мубәракфури былай деген: «Осы мың айлық мерзім 83 жыл 4 айдан тұрады. Умәйядтардың билігі әзірет Хасанның әзірет Муғауияға серт беруімен басталады. Бұл – һижри 40 жылдың басына тұспа-тұс келеді. Оның билігінің Әбу Мүслим Хорасанидің қолымен тоқтауы һижри 132 жылға тұспа-тұс келеді. Екі арада 92 жыл бар. Осыдан Абдулла ибн Зубәйірдің 8 жыл 8 айлық халифалық мерзімін шығарып тастайтын болсақ, толық 83 жыл 4 ай қалады».

Аудармада жақшаның ішінде «көзі тірісінде түсінде», «бір-бірлеп халифа болып» деп берілген қосымша ибн Жәрир әт-Табаридің риуаятынан алынған:

أُرِىَ فِي مَنَامِهِ بَنِى اُمَيَّةَ يَعْلُونَ مِنْبَرَهُ خَلِيفَةً خَلِيفَةً

Аятта айтылған Құран кәрімнің Қадір түнінде түсуі Ләухул-махфуздан дүние аспанына бүтіндей түсіп болуын білдіреді. Негізінде, ғалымдар осы аятты осылайша түсіндіреді. Дүние аспанындағы жазушы періштелерге сол түні түгелдей түсірілген Құран кәрім кейінірек Жәбірейіл (а.с.) арқылы Расулаллаға (с.а.с.) 23 жыл бойы бөлек-бөлек түсірілген.

Сонымен бірге, бұл сүреден «Құран түсе бастаған алғашқы түн» деген мағына шығарған ғалымдар да болған. Бұл пікір бойынша, алғаш түскен уахи – «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты осы түнде түскен.

Шах Уәлиуллаһ Дәһләуи Қадір түнінің екеу екенін айтады және осы мазмұндас түрлі риуаяттарға сүйеніп былай дейді: «Біреуі – «Духан» сүресінің 4-аятында «Сол түні (Алланың) хикметімен тағдырға жазылған әрбір іс нақтыланатын болады» деп айтылған түн. Құран кәрім осы түні толығымен түсірілген. Кейін біртіндеп уахи етілген. Міне, ол – жыл ішіндегі кез келген бір түн. Оның рамазан айында болуы шарт болмағанымен, рамазан айында болу ықтимлы өте жоғары. Ғалымдар бұл түннің Құран кәрім түскен кезде рамазан айында болғанына бір ауыздан келіседі.

Екінші қадір түні – жерге періштелер түсіп, руханият жайылған түн. Мұсылмандар бұл түнді зікірмен, құлшылықпен өткізеді. Олар құлшылықты жаппай жамағат болып жасағандықтан, рухани тебіреністері еселеп артып, соның берекетімен рахмет періштелері оларға жақындайды, ал шайтан болса алыстайды, дұға-тілектері мен құлшылықтары қабыл болады. Міне, осы түн Рамазанның соңғы он күніндегі тақ күндердің түндерінің бірінде. Бұл кейбір жылдары алға, кей жылдары артқа жылжып, өзгеріп отырады (яғни кейде Рамазан айының 21, 23, 25-ші түндерінде, кейде 27, 29-шы түндерде болуы мүмкін, белгілі бір түнде тұрақты болмайды). Дегенмен соңғы он күннің ішінде болады.

Ендеше, жоғарыда айтылған бірінші қадір түні жайлы риуаяттар оның бір жылдың ішінде болатынын айтады. Екінші қадір түні жайлы риуаяттар болса, оның рамазан айының соңғы он күнінде болатынын айтады».

Дәһләуи осы түсіндірмесін өз ойынан шығармағанын дәлелдеу үшін жоғарыда берілген екі хадисті (№870, 872) көрсетеді.

Дәһләуи өз ойын былай қорытындылайды: Бұл мәселеде сахабалардың ой-пікірінің әртүрлі болуы сол түнді нақтылаудағы қарама-қайшылықтан туындаған. Сол түнді сезген адамдардың айтқан дұға-тілектерінің біреуі мынау:

اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّى

«Уа, Алла! Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!» («Хужжатуллаһил-балиғадан»).

  1. 1«Кәусар» сүресі, 1-аят
  2. 2«Қадір» сүресі, 1-3-аят
  3. 3Тирмизи, «Тәпсір», «Қадір» (№3350, Ибраһим Жанан басылымында №3347).