Хадис

Кутуб ситтә, № 857

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
126. «Тәкуир» сүресі
Нөмірі
№ 857 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
857
Кутуб ситтә, № 857 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: مَنْ سَرَّهُ أَنْ يَنْظُرَ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ كَأَنَّهُ رَأْيُ عَيْنٍ فَلْيَقْرَأْ: إِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ، وَإِذَا السَّمَاءُ انْفَطَرَتْ، وَإِذَا السَّمَاءُ انْشَقَّتْ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Кім қиямет күнін өз көзімен көргендей болғысы келсе, ﴿إِذَا ٱلشَّمْسُ كُوِّرَتْ﴾ “Күн шиыршықталып, сәулесі сөнген кезде”, ﴿إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنفَطَرَتْ﴾ “Аспан шатынап жарылған кезде” және ﴿إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنشَقَّتْ﴾ “Көк шатынап, жарылған кезде” деп басталатын сүрелерді оқысын».1

Түсіндірме

Бұл сүрелер қиямет-қайымның адам шошырлық қорқынышты бейнесін суреттейді. Оларды оқу адамға өлімді, өлімнен кейінгі басына келетін жағдайларды елестеді. Егер мүминдер оқыса, болашақта міндетті түрде болатын адам шошырлық жағдайларды Раббысынан тыңдап, терең толғанып, иманын жаңалап, есін жинайды. Денсаулығы, жастық шағы, байлығы, атақ-даңқы – бәрі де фәни, өткінші екенін түсініп, жеткілікті дәріс алады.

Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көптеген күнәлардың, надандықтың қайнар көзі – ақыретті ұмытып, дүниеге құмарту екенін айтып, сондай ойдан өлімді жиі еске алу арқылы құтылуға шақырады. Аталмыш хадис те осы мағынада. Себебі қиямет-қайымның адам шошырлық бет-бейнесін еске түсіретін аталмыш сүрелер фәни дүниеден бездіріп, ғапылдықтан ес жиғызып, діни насихаттың әсерлі болуына ықпал етеді.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүрелерді алғашқы аяттарымен берген. Ол үш сүренің Құран кәрімдегі атаулары мен реті мынадай:

1) Тәкуир: 81-сүре,

2) Инфитар: 82-сүре,

3) Иншиқақ: 84-сүре.

Тәкуир сүресі, негізінен, қиямет-қайымның қалай орнайтынын суреттейді:

1. ﴿إِذَا ٱلشَّمْسُ كُوِّرَتْ﴾ «Күн шиыршықталып, сәулесі сөнген кезде,»

2. ﴿وَإِذَا ٱلنُّجُومُ ٱنكَدَرَتْ﴾ «Жұлдыздар бытырай төгіліп, жарығы өшкен кезде,»

3. ﴿وَإِذَا ٱلْجِبَالُ سُيِّرَتْ﴾ «Таулар жылжытылған кезде,»

4. ﴿وَإِذَا ٱلْعِشَارُ عُطِّلَتْ﴾ «Буаз інгендер тәрк етілген кезде,»

5. ﴿وَإِذَا ٱلْوُحُوشُ حُشِرَتْ﴾ «Жабайы аңдар жиналған кезде,»

6. ﴿وَإِذَا ٱلْبِحَارُ سُجِّرَتْ﴾ «Теңіздер өртке оранған кезде,»

7. ﴿وَإِذَا ٱلنُّفُوسُ زُوِّجَتْ﴾ «Тірі жандар (жақсы мен жақсы, жаман мен жаман болып) қосақталған және рухтар мен тәндер қайтадан қосылып жұпталған кезде,»

8. ﴿وَإِذَا ٱلْمَوْءُۥدَةُ سُئِلَتْ﴾ «Тірідей көмілген қыз сәбилерден сұралған кезде,»

9. ﴿بِأَىِّ ذَنۢبٍ قُتِلَتْ﴾ «қандай кінәсі үшін өлтірілгені сұралғанда,»

10. ﴿وَإِذَا ٱلصُّحُفُ نُشِرَتْ﴾ «Амал дәптерлерінің парақтары айқара ашылған кезде,»

11. ﴿وَإِذَا ٱلسَّمَآءُ كُشِطَتْ﴾ «Аспан түрілген кезде,»

12. ﴿وَإِذَا ٱلْجَحِيمُ سُعِّرَتْ﴾ «Тозақ жалыны қыздырылған үстіне қыздырылған кезде,»

13. ﴿وَإِذَا ٱلْجَنَّةُ أُزْلِفَتْ﴾ «Жаннат жақындатылған кезде,»

14. ﴿عَلِمَتْ نَفْسٌ مَّآ أَحْضَرَتْ﴾ «Міне, сонда әрбір жан өзі үшін не әзірлегенін анық білетін болады.»

«Инфитар» сүресі «Тәкуир» секілді қиямет-қайымның қалай орнайтынын суреттеп қана қоймай, пенденің Жаратушы алдындағы жауапкершілігін еске түсіреді, оның әрбір ісін періштелер жазып отыратынын, соған қарай есеп-қисап беретінін, дін күнінде ізгі жанның жаннатқа, имансыздардың тозаққа баратынын баяндайды. Сүре дін күнін суреттеумен аяқталады:

17. ﴿وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا يَوْمُ ٱلدِّينِ﴾ «Дін күнінің не екенін білесің бе?!»

18. ﴿ثُمَّ مَآ أَدْرَىٰكَ مَا يَوْمُ ٱلدِّينِ﴾ «Иә, сол Дін күнінің не екенін сен білесің бе?!»

19. ﴿يَوْمَ لَا تَمْلِكُ نَفْسٌ لِّنَفْسٍ شَيْـًٔا وَٱلْأَمْرُ يَوْمَئِذٍ لِّلَّهِ﴾ «Ол – біреудің біреуге зәредей де пайдасы тимейтін ауыр күн! Сол күні бар билік бір Аллаға тиесілі болады!»

«Иншиқақ» сүресі де алдымен қиямет-қайымның қалай орнайтынын суреттейді, содан кейін кітабы оң жақтан берілетіндер мен артынан берілетіндерді бейнелейді. Соңғы бөлімінде кітабы артынан берілетіндердің фәни дүниедегі ғапылдықтарын баяндайды:

7. ﴿فَأَمَّا مَنْ أُوتِىَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ﴾ «Кімде-кімнің амал дәптері оң қолына берілсе,»

8. ﴿فَسَوْفَ يُحَاسَبُ حِسَابًا يَسِيرًا﴾ «Оның есебі өте оңай болады.»

9. ﴿وَيَنقَلِبُ إِلَىٰٓ أَهْلِهِۦ مَسْرُورًا﴾ «Ол отбасына шат-шадыман күйде оралады.»

10. ﴿وَأَمَّا مَنْ أُوتِىَ كِتَٰبَهُۥ وَرَآءَ ظَهْرِهِۦ﴾ «Ал кімнің амал дәптері арқа жағынан сол қолына берілсе,»

11. ﴿فَسَوْفَ يَدْعُوا۟ ثُبُورًا﴾ «Біржолата өліп, жоқ болып кетуді тілеп, зар илейді.»

12. ﴿وَيَصْلَىٰ سَعِيرًا﴾ «Бірақ ол жану үшін жалын атқан отқа кіреді.»

13. ﴿إِنَّهُۥ كَانَ فِىٓ أَهْلِهِۦ مَسْرُورًا﴾ «Ол отбасының ішінде шат-шадыман ғапыл еді.»

14. ﴿إِنَّهُۥ ظَنَّ أَن لَّن يَحُورَ﴾ «Расында, ол Раббысына ешқашан қайтпаймын деп ойлайтын.»

Құран кәрімде қияметтің аласапыран уақытын суреттейтін сүрелер осы үшеуімен шектелмейді. Басқа сүрелерде де қиямет жайлы аяттар берілген. «Зілзала» сүресінде де жақсы суреттелген.

  1. 1Тирмизи, «Тәпсір», «Тәкуир» (№3333).