وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «إِنَّ مِنْ أَعْظَمِ الْجِهَادِ كَلِمَةَ عَدْلٍ عِنْدَ سُلْطَانٍ جَائِرٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Қазақша аудармасы
Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Залым билеушінің алдында әділ сөз айту — жиһадтың ең ұлы түрлерінің бірі”, — деді».1
Түсіндірме
- Жақсылыққа шақыру — жиһадтың бір түрі.
- Залым билеушіге әділ сөз айтып, насихат ету де жиһадқа жатады.
- Хадис шариғаттағы жиһад ұғымының аясы кең екенін аңғартады.
- 1Әбу Дәуіт, «Мәләхим», № 4344. Тирмизи, «Фитән», № 2174 (Ибраһим Жанан басылымында № 2175). Ибн Мәжа, «Фитән», № 4011.