وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «لَمَّا وَقَعَ بَنُو إِسْرَائِيلَ فِي الْمَعَاصِي نَهَتْهُمْ عُلَمَاؤُهُمْ فَلَمْ يَنْتَهُوا، فَجَالَسُوهُمْ وَوَاكَلُوهُمْ وَشَارَبُوهُمْ، فَضَرَبَ اللَّهُ تَعَالَى قُلُوبَ بَعْضِهِمْ بِبَعْضٍ، وَلَعَنَهُمْ عَلَى لِسَانِ دَاوُدَ وَعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ» — الْآيَةَ — ثُمَّ جَلَسَ وَكَانَ مُتَّكِئًا فَقَالَ: «لَا، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، حَتَّى تَأْطُرُوهُمْ عَلَى الْحَقِّ أَطْرًا». وَمَعْنَى «تَأْطُرُوهُمْ»: تَعْطِفُوهُمْ وَتَرُدُّوهُمْ.
Ибн Масғұд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Исраил ұрпағы күнәға бой алдырғанда, ғалымдары оларға бұл істерден тыйылуды бұйырды. Олар тыйылмады. Сонда ғалымдары олармен бірге отыруын, ішіп-жеуін жалғастыра берді. Алла тағала да олардың жүректерін бір-біріне ұқсатып, ‘Дәуіт пен Мәриямұлы Исаның тілімен оларға лағынет айтты…’1”, — деді. Сүйеніп отырған Алла елшісі (с.а.с.) бойын тіктеп: “Жоқ! Жаным қолында болған Аллаға ант етемін! Оларды ақиқатқа бұрып, соны берік ұстануға көндірмейінше, бұлай болмайды”, — деді»2. Хадистегі «ақиқатқа бұру» тіркесі оларды бет алған теріс жолынан қайтарып, ақиқатқа бейімдеу дегенді білдіреді.
Түсіндірме
- Исраил ұрпағының мұндай күйге түсуіне үш себеп бар.
1. Күнә жасауы.
2. Жасаған күнәсін жария етуі.
3. Насихатқа құлақ аспай, күнәдан тыйылмауы.
- Күнәға үнсіз қалу оның қоғамда кең таралуына жол ашады. Жұрт бірте-бірте оған үйреніп, ақыры қалыпты іс көре бастайды.
- Күнәні қолмен тоқтатуға мүмкіндік барда, сөзбен тыюға тырысқан құптарлық іс болғанымен, жеткіліксіз.