عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَرَأَ سُورَةَ الْوَاقِعَةِ كُلَّ لَيْلَةٍ لَمْ تُصِبْهُ فَاقَةٌ، وَفِي الْمُسَبِّحَاتِ آيَةٌ كَأَلْفِ آيَةٍ». أَخْرَجَهُ رَزِينُ.
Ибн Мәсғудтың (р.а.) айтуынша, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кім әр түні “Уақиға” сүресін оқыса, жоқшылық көрмейді. “Мұсаббихат” сүрелерінде мың аятқа тең бір аят бар», – деген.1
Түсіндірме
Рәзин қосқан осы риуаяттың бірінші бөлімі «әд-Дуррул-мансурда» және басқа да көптеген дереккөздерде жазылған. Жанан екінші бөлігін өзі қараған сол дереккөздерден кездестірмеген. Кейбір риуаяттарда былай делінген: «“Уақиға” – байлық сүресі, оны оқыңдар және балаларыңа да үйретіңдер», «“Уақиға” сүресін әйелдеріңе үйретіңдер, өйткені ол – байлық сүресі». Әзірет Айша әйелдерге былай деген: «Сендерден ешбірің «Уақиға» сүресін оқуда әлсіздік танытпасын». Жәбир ибн Сәмура былай деген: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) таң намазында «Уақиға» және соған ұқсайтын сүрелердің біреуін оқитын».
- 1Рәзин жеткізген. Ибраһим Жанан, «Кутуб-и ситте», 4-т., 286–287-б. Мұсаббихат жайлы мағыналас нұсқа — Тирмизи, «Құранның артықшылықтары» (№2921).