Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2214

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
90. Бүліктер кітабыكِتَابُ الْفِتَنِ
бап
3. Әрбір кейінгі заманның алдыңғысынан да жаман болатыны туралыبَابُ لَا يَأْتِي زَمَانٌ إِلَّا الَّذِي بَعْدَهُ شَرٌّ مِنْهُ
Нөмірі
№ 2214 (Мухтасар реті) · Сахих: № 7068
2214
Бұхари, № 2214 · Сахих: 7068Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَقَدْ شُكِيَ إِلَيْهِ مَا نَلْقَى مِنَ الْحَجَّاجِ فَقَالَ: «اِصْبِرُوا، فَإِنَّهُ لَا يَأْتِي عَلَيْكُمْ زَمَانٌ إِلَّا الَّذِي بَعْدَهُ شَرٌّ مِنْهُ، حَتَّى تَلْقَوْا رَبَّكُمْ». سَمِعْتُهُ مِنْ نَبِيِّكُمْ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликке (р.а.) Хажжаждан көріп жүрген қиындықтарымыз жайында шағым айтылғанда, ол: «Сабыр етіңдер! Өйткені Раббыларыңа жолыққанға дейін сендерге келген әрбір заманнан кейінгі заман одан да жаман болады. Мұны Пайғамбарларыңнан (с.а.с.) естідім», – деген.