عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ جَاءَ يَوْمَ الْخَنْدَقِ، بَعْدَ مَا غَرَبَتِ الشَّمْسُ فَجَعَلَ يَسُبُّ كُفَّارَ قُرَيْشٍ. قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا كِدْتُ أُصَلِّي الْعَصْرَ، حَتَّى كَادَتِ الشَّمْسُ تَغْرُبُ». قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «وَاللَّهِ مَا صَلَّيْتُهَا». فَقُمْنَا إِلَى بُطْحَانَ، فَتَوَضَّأَ لِلصَّلَاةِ وَتَوَضَّأْنَا لَهَا، فَصَلَّى الْعَصْرَ بَعْدَ مَا غَرَبَتِ الشَّمْسُ، ثُمَّ صَلَّى بَعْدَهَا الْمَغْرِبَ.
Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) айтуынша, Хандақ күні күн батқаннан кейін Омар ибн әл-Хаттаб келіп, құрайыштық кәпірлерді қарғай бастады. Содан кейін: «Уа, Расулалла! Күн батуға таяғанша екінті намазын оқуға әрең үлгердім», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Алланың атымен ант етемін, мен оны әлі оқыған жоқпын», – деді. Содан кейін біз Бутхан алқабына бардық. Ол (с.а.с.) намаз оқу үшін дәрет алды, біз де дәрет алдық. Күн батып кеткеннен кейін екінті намазын, содан соң ақшам намазын оқыды.