Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 328

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
9. Намаз уақыттары кітабыكِتَابُ مَوَاقِيتِ الصَّلَاةِ
бап
1. Намаздың күнәларға кәффарат болуы туралыبَابُ الصَّلَاةُ كَفَّارَةٌ
Нөмірі
№ 328 (Мухтасар реті) · Сахих: № 526
328
Бұхари, № 328 · Сахих: 526Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا أَصَابَ مِنَ امْرَأَةٍ قُبْلَةً، فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَأَخْبَرَهُ فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَأَقِمِ الصَّلَاةَ طَرَفَيِ النَّهَارِ وَزُلَفًا مِنَ اللَّيْلِ إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَاتِ﴾ [هُودٍ: 114]. فَقَالَ الرَّجُلُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَلِي هَذَا؟» قَالَ: «لِجَمِيعِ أُمَّتِي كُلِّهِمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Бір ер адам бөтен әйелді сүйіп қойды. Содан кейін Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, болған жайды айтып берді. Сонда Алла Тағала “Күндіздің екі уақытында әрі түннің күндізге таяу уақыттарында намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды жояды” (“Һуд”, 114) деген аятты түсірді. Сонда әлгі адам: “Уа, Расулалла! Бұл үкім тек маған ғана қатысты ма?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл – бүкіл үмбетіме ортақ үкім”, – деп жауап берді».