Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2172

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
82. Анттар мен нәзірлер кітабыكِتَابُ الْأَيْمَانِ وَالنُّذُورِ
бап
7. Өзі иелік етпейтін нәрсеге және күнәлі іске қатысты нәзір ету туралыبَابُ النَّذْرِ فِيمَا لَا يَمْلِكُ وَفِي مَعْصِيَةٍ
Нөмірі
№ 2172 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6704
2172
Бұхари, № 2172 · Сахих: 6704Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: بَيْنَا النَّبِيُّ ﷺ يَخْطُبُ إِذَا هُوَ بِرَجُلٍ قَائِمٍ، فَسَأَلَ عَنْهُ، فَقَالُوا: «أَبُو إِسْرَائِيلَ نَذَرَ أَنْ يَقُومَ وَلَا يَقْعُدَ، وَلَا يَسْتَظِلَّ وَلَا يَتَكَلَّمَ، وَيَصُومَ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مُرْهُ فَلْيَتَكَلَّمْ وَلْيَسْتَظِلَّ وَلْيَقْعُدْ، وَلْيُتِمَّ صَوْمَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) құтба оқып тұрған кезде түрегеп тұрған бір адамды көрді. Ол жайында сұрағанда, адамдар: “Бұл – Әбу Исраил. Ол түрегеп тұруды, отырмауды, көлеңкеленбеуді, сөйлемеуді әрі ораза ұстауды нәзір еткен”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оған айтыңдар: сөйлесін, көлеңкеленсін, отырсын, ал оразасын соңына дейін жеткізсін”, – деді».