Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 319

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
63. Мініс малына, түйеге, ағашқа және ерге қарап намаз оқу туралыبَابُ الصَّلَاةِ إِلَى الرَّاحِلَةِ وَالْبَعِيرِ وَالشَّجَرِ وَالرَّحْلِ
Нөмірі
№ 319 (Мухтасар реті) · Сахих: № 507
319
Бұхари, № 319 · Сахих: 507Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ «كَانَ يُعَرِّضُ رَاحِلَتَهُ، فَيُصَلِّي إِلَيْهَا»، قِيلَ لَهُ: «أَفَرَأَيْتَ إِذَا هَبَّتِ الرِّكَابُ؟» قَالَ: «كَانَ يَأْخُذُ هَذَا الرَّحْلَ فَيُعَدِّلُهُ، فَيُصَلِّي إِلَى آخِرَتِهِ – أَوْ قَالَ: مُؤَخَّرِهِ –»، وَكَانَ ابْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَفْعَلُهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) мініс көлігін көлденең қойып, соған қарап намаз оқитын еді. Одан: «Ал мініс көліктері орнынан қозғалып кетсе ше?» – деп сұралды. Ол: «Мына ерді алып, тігінен қоятын да, оның артқы қасына – немесе артқы жағына – қарап намаз оқитын», – деді. Ибн Омар (р.а.) да осылай істейтін.