Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 314

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
58. Имамның қалқасы оған ұйығандарға да қалқа болатыны туралыبَابُ سُتْرَةِ الْإِمَامِ سُتْرَةُ مَنْ خَلْفَهُ
Нөмірі
№ 314 (Мухтасар реті) · Сахих: № 495
314
Бұхари, № 314 · Сахих: 495Риуаят етуші: Әбу Жухайфа

عَنْ أَبِي جُحَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ صَلَّى بِهِمْ بِالْبَطْحَاءِ وَبَيْنَ يَدَيْهِ عَنَزَةٌ، الظُّهْرَ رَكْعَتَيْنِ، وَالْعَصْرَ رَكْعَتَيْنِ، تَمُرُّ بَيْنَ يَدَيْهِ الْمَرْأَةُ وَالْحِمَارُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Жухәйфа (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Батхада алдына қысқа найза қойып, адамдарға бесін намазын екі рәкәғат, екінті намазын екі рәкәғат етіп оқытты. Найзаның арғы жағынан әйел мен есек өтіп жатты».