Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 297

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
52. Қағба мен мешіттердің есіктері және оларды құлыптау туралыبَابُ الْأَبْوَابِ وَالْغَلَقِ لِلْكَعْبَةِ وَالْمَسَاجِدِ
Нөмірі
№ 297 (Мухтасар реті) · Сахих: № 468
297
Бұхари, № 297 · Сахих: 468Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَدِمَ مَكَّةَ فَدَعَا عُثْمَانَ بْنَ طَلْحَةَ فَفَتَحَ الْبَابَ فَدَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ وَبِلَالٌ وَأُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ وَعُثْمَانُ بْنُ طَلْحَةَ، ثُمَّ أَغْلَقَ الْبَابَ، فَلَبِثَ فِيهِ سَاعَةً، ثُمَّ خَرَجُوا. قَالَ ابْنُ عُمَرَ: فَبَدَرْتُ فَسَأَلْتُ بِلَالًا فَقَالَ: «صَلَّى فِيهِ»، فَقُلْتُ: «فِي أَيٍّ؟» قَالَ: «بَيْنَ الْأُسْطُوَانَتَيْنِ». قَالَ ابْنُ عُمَرَ: فَذَهَبَ عَلَيَّ أَنْ أَسْأَلَهُ كَمْ صَلَّى.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Меккеге келген кезде Осман ибн Талханы шақырды. Ол Қағбаның есігін ашты. Пайғамбар (с.а.с.) Біләл, Усама ибн Зәйд және Осман ибн Талхамен бірге ішке кірді. Содан кейін есікті жауып, ішінде біраз уақыт болды. Содан соң олар сыртқа шықты. Мен дереу Біләлден сұрадым. Ол: “Пайғамбар (с.а.с.) Қағбаның ішінде намаз оқыды”, – деді. Мен: “Қай жерде?” – деп сұрадым. Ол: “Екі бағананың арасында”, – деді. Ал оның қанша рәкәғат намаз оқығанын сұрауды ұмытып кеттім».