Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 264

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
24. Құбылаға қатысты риуаяттар және жаңылысып басқа жаққа қарап намаз оқыған адамға намазын қайта оқуды міндеттемегендер туралыبَابُ مَا جَاءَ فِي الْقِبْلَةِ وَمَنْ لَمْ يَرَ الْإِعَادَةَ عَلَى مَنْ سَهَا فَصَلَّى إِلَى غَيْرِ الْقِبْلَةِ
Нөмірі
№ 264 (Мухтасар реті) · Сахих: № 402
264
Бұхари, № 264 · Сахих: 402Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: وَافَقْتُ رَبِّي فِي ثَلَاثٍ، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوِ اتَّخَذْنَا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى»، فَنَزَلَتْ: ﴿وَاتَّخِذُوا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى﴾ [الْبَقَرَةِ: 125]. وَآيَةُ الْحِجَابِ، قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ أَمَرْتَ نِسَاءَكَ أَنْ يَحْتَجِبْنَ، فَإِنَّهُ يُكَلِّمُهُنَّ الْبَرُّ وَالْفَاجِرُ»، فَنَزَلَتْ آيَةُ الْحِجَابِ، وَاجْتَمَعَ نِسَاءُ النَّبِيِّ ﷺ فِي الْغَيْرَةِ عَلَيْهِ، فَقُلْتُ لَهُنَّ: ﴿عَسَى رَبُّهُ إِنْ طَلَّقَكُنَّ أَنْ يُبَدِّلَهُ أَزْوَاجًا خَيْرًا مِنْكُنَّ﴾ [التَّحْرِيمِ: ٥]، فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ.

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) былай деген: «Үш мәселеде менің пікірім Раббымның үкімімен сәйкес келді. Мен: “Уа, Расулалла! Ибраһимнің мақамын намаз оқитын орын етіп алсақ қайтеді?” – дедім. Сонда: “Ибраһим мақамын намаз оқитын орын етіп алыңдар” (“Бақара”, 125) деген аят түсті. Екіншісі – хижаб аяты. Мен: “Уа, Расулалла! Жұбайларыңызға тасалануды бұйырсаңыз екен. Өйткені олармен ізгі адам да, бұзық адам да сөйлеседі”, – дедім. Сонда хижаб аяты түсті. Сондай-ақ Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайлары қызғаныштан оған қарсы біріккен кезде, мен оларға: “Егер ол сендерді талақ қылса, бәлкім, Раббысы оған сендердің орындарыңа сендерден де қайырлы жұбайлар нәсіп етер” (“Тахрим”, 5), – дедім. Сонда осы аят түсті».