Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 256

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
19. Мәсімен намаз оқу туралыبَابُ الصَّلَاةِ فِي الْخِفَافِ
Нөмірі
№ 256 (Мухтасар реті) · Сахих: № 387
256
Бұхари, № 256 · Сахих: 387Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла

عَنْ جَرِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ بَالَ ثُمَّ تَوَضَّأَ وَمَسَحَ عَلَى خُفَّيْهِ، ثُمَّ قَامَ فَصَلَّى، فَسُئِلَ فَقَالَ: «رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ صَنَعَ مِثْلَ هَذَا». فَكَانَ يُعْجِبُهُمْ؛ لِأَنَّ جَرِيرًا كَانَ مِنْ آخِرِ مَنْ أَسْلَمَ.

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдулла (р.а.) кіші дәретін өтегеннен кейін дәрет алып, екі мәсісінің үстінен мәсіх тартты да, орнынан тұрып намаз оқыды. Одан бұл жайында сұралғанда, ол: «Пайғамбардың (с.а.с.) дәл осылай істегенін көрдім», – деді. Бұл риуаят оларға ұнайтын. Өйткені Жәрир исламды соңынан қабылдағандардың бірі еді.