Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 238

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
5. Шамда тігілген шапанмен намаз оқу туралыبَابُ الصَّلَاةِ فِي الْجُبَّةِ الشَّامِيَّةِ
Нөмірі
№ 238 (Мухтасар реті) · Сахих: № 363
238
Бұхари, № 238 · Сахих: 363Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي سَفَرٍ، فَقَالَ: «يَا مُغِيرَةُ، خُذِ الْإِدَاوَةَ»، فَأَخَذْتُهَا. فَانْطَلَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى تَوَارَى عَنِّي، فَقَضَى حَاجَتَهُ، وَعَلَيْهِ جُبَّةٌ شَأْمِيَّةٌ، فَذَهَبَ لِيُخْرِجَ يَدَهُ مِنْ كُمِّهَا فَضَاقَتْ، فَأَخْرَجَ يَدَهُ مِنْ أَسْفَلِهَا، فَصَبَبْتُ عَلَيْهِ، فَتَوَضَّأَ وُضُوءَهُ لِلصَّلَاةِ، وَمَسَحَ عَلَى خُفَّيْهِ، ثُمَّ صَلَّى.

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шуғба (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарда едім. Ол: “Уа, Мұғира! Су құятын ыдысты ал”, – деді. Мен оны алдым. Алла Елшісі (с.а.с.) менің көзімнен таса болғанша ұзап барып, қажетін өтеді. Оның үстінде Шамда тігілген шапан бар еді. Ол қолын жеңінен шығармақ болғанда, жеңі тарлық етті. Сондықтан қолын шапанның төменгі жағынан шығарды. Мен оған су құйдым. Ол намазға дәрет алғандай дәрет алып, мәсілерінің үстінен мәсіх тартты да, кейін намаз оқыды».