Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 233

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
2. Бір ғана киімге оранып намаз оқу туралыبَابُ الصَّلَاةِ فِي الثَّوْبِ الْوَاحِدِ مُلْتَحِفًا بِهِ
Нөмірі
№ 233 (Мухтасар реті) · Сахих: № 358
233
Бұхари, № 233 · Сахих: 358Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ سَائِلًا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الصَّلَاةِ فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَوَلِكُلِّكُمْ ثَوْبَانِ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бір адам Алла Елшісінен (с.а.с.) бір ғана киіммен намаз оқу туралы сұрады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендердің әрқайсыңда екі киім бар ма?” – деді».