عَنْ شَدَّادِ بْنِ أَوْسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «سَيِّدُ الِاسْتِغْفَارِ أَنْ تَقُولَ: “اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي، لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ، خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اِسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وَأَبُوءُ بِذَنْبِي، فَاغْفِرْ لِي؛ فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ”». قَالَ: «وَمَنْ قَالَهَا مِنَ النَّهَارِ مُوقِنًا بِهَا، فَمَاتَ مِنْ يَوْمِهِ قَبْلَ أَنْ يُمْسِيَ، فَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ، وَمَنْ قَالَهَا مِنَ اللَّيْلِ وَهُوَ مُوقِنٌ بِهَا، فَمَاتَ قَبْلَ أَنْ يُصْبِحَ، فَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ».
Шаддад ибн Аустан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Кешірім тілеудің төресі – былай деуің: “Уа, Алла! Сен – менің Раббымсың. Сенен басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Мені Сен жараттың, мен – Сенің құлыңмын. Шамам жеткенше Өзіңмен жасасқан сертіме адалмын әрі уәдеңе сенемін. Жасаған істерімнің жамандығынан Саған сиынамын. Маған берген нығметіңді мойындаймын әрі күнәмді де мойындаймын. Мені кешіре гөр! Расында, күнәларды Сенен басқа ешкім кешірмейді”», – деген. Сондай-ақ: «Кім осы сөздерді күндіз ақиқаттығына кәміл сеніп айтып, сол күні кеш батқанға дейін қайтыс болса, ол – Жәннат тұрғындарының бірі. Ал кім оларды түнде кәміл сеніммен айтып, таң атқанға дейін қайтыс болса, ол да – Жәннат тұрғындарының бірі», – деген.