Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2068

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
36. Өлеңнің адамды Алланы еске алудан, ілім мен Құраннан бөгейтіндей дәрежеде билеп алуының ұнамсыздығы туралыبَابُ مَا يُكْرَهُ أَنْ يَكُونَ الْغَالِبُ عَلَى الْإِنْسَانِ الشِّعْرُ حَتَّى يَصُدَّهُ عَنْ ذِكْرِ اللَّهِ وَالْعِلْمِ وَالْقُرْآنِ
Нөмірі
№ 2068 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6154
2068
Бұхари, № 2068 · Сахих: 6154Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَأَنْ يَمْتَلِئَ جَوْفُ أَحَدِكُمْ قَيْحًا خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَنْ يَمْتَلِئَ شِعْرًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің біріңнің іші өлеңге толғаннан гөрі, іріңге толғаны өзі үшін қайырлы», – деген.