Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2055

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
24. «Уа, иман келтіргендер! Ойлардың көбінен аулақ болыңдар! Өйткені кейбір ойлар күнә саналады! Бір-біріңді аңдымаңдар...» («Хужурат», 12-аят) деген аят туралыبَابُ ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اِجْتَنِبُوا كَثِيرًا مِنَ الظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ الظَّنِّ إِثْمٌ وَلَا تَجَسَّسُوا﴾ [الْحُجُرَاتِ: 12]
Нөмірі
№ 2055 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6066
2055
Бұхари, № 2055 · Сахих: 6066Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِيَّاكُمْ وَالظَّنَّ، فَإِنَّ الظَّنَّ أَكْذَبُ الْحَدِيثِ، وَلَا تَحَسَّسُوا، وَلَا تَجَسَّسُوا، وَلَا تَنَاجَشُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Күдікке берілуден сақтаныңдар. Өйткені күдік – сөздің ең жалғаны. Бір-біріңнің сырларыңды тіміскілемеңдер, бір-біріңді жасырын аңдымаңдар, сатып алу ниеті болмай тұрып, тауар бағасын алдап көтермеңдер, бір-біріңді күндемеңдер, бір-біріңді жек көрмеңдер әрі бір-біріңнен теріс айналмаңдар. Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар», – деген.