Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2041

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
13. Аллаға және ақырет күніне иман келтірген адамның көршісіне зиян тигізбеуі туралыبَابُ مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلَا يُؤْذِ جَارَهُ
Нөмірі
№ 2041 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6018
2041
Бұхари, № 2041 · Сахих: 6018Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلَا يُؤْذِ جَارَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لِيَصْمُتْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, көршісіне зиян тигізбесін. Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, қонағын құрметтесін. Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін», – деген.